jasqazaq.kz

Жолды бөлісе алмаған бұзақы құрықталды (Видео)

29 маусым 2023, 14:43

Әлеуметтік желіде жол бойында екі жүргізуші арасында туындаған жанжалға қатысты видеоға полиция түсініктеме берді.

Жолды бөлісе алмаған көліктердің бірінің жүргізушісі, екінші көліктің алдыңғы шынысын теуіп сындырады, кейін оң жақтағы терезені жұдырығымен шағып, жүргізушіге қоқан-лоқы көрсетеді. Видеода әйелдің көлік ішінде бала отырғанын айтып, айғайлаған дауысы естіледі.

Полиция мәліметіне сәйкес, ер адам ұсталып, тергеу басталды.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от qazaqta (@qazaqta)

«Жамбыл ауданының полиция қызметкерлері күдіктіні ұстады. Ол Алматы қаласының 1993 жылы туған К. есімді тұрғыны болып шықты.

28 маусым күні Жамбыл ауданының полиция бөліміне 1992 жылы туған О. есімді азамат «Алматы-Бішкек» автожолында сағат 19:20 шамасында жол қозғалысы ережелерін бұзып, жол-көлік оқиғасын жасаған, сонымен қатар бұзақылық ниетпен көлігін бүлдірген белгісіз адамға қатысты шаралар қабылдауды сұрап, арызбен жүгінді.

Дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 1-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша бірден аудандық полицияда тіркелді.

Жәбірленушіге сот-медициналық сараптама тағайындалды. Күдіктінің автомашинасы Ұзынағаш ауылының арнайы айып тұрағына қойылды.

Жол-көлік оқиғасы фактісімен ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 610-бабы 1-бөлігі бойынша К. есімді жүргізушіге қатысты әкімшілік іс қозғалды», — делінген хабарламада.

Мәлім етілгендей, бұзақылық фактісімен түпкілікті іс жүргізу шешімін қабылдау үшін тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі