jasqazaq.kz

Жолдау-2023: «Жаңа мұнайға» айналған сирек металдар кен орындарын игеру кезек күттірмейді

01 қыркүйек 2023, 15:38

Парламент палаталарының бірлескен отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өңдеу саласындағы инвесторларды алғашқы үш жылда салықтан босатуды ұсынды.
«Геологиялық барлау саласы ерекше назар аударуды қажет етеді. 2018 жылы минералды шикізат базасын толықтыру мақсатында тау-кен секторын басқару бағытында жаңа заңнама қабылданды. Алайда ол толыққанды жұмыс істеп кете алмады. Соның салдарынан ресурстарға бай елімізде маңызды геологиялық жаңалықтар ашылмай келеді», — деген Қасым-Жомарт Тоқаев жағдайды шұғыл түрде өзгерту керектігін ескертті.
«Тау-кен секторын басқару жүйесін қысқа мерзімде жаңғырту қажет. Көптеген елдерде саланың негізгі қозғаушы күші жеке компаниялар болып отыр. Сондықтан ірі жеке меншік инвестицияларды тарту саланың әлеуетін ашуға шешуші дәрежеде көмектеседі. Ол үшін икемді реттеуші және фискалдық жағдайлар қажет», — деді Президент.
Мемлекет басшысы геологиялық зерттеуді өз қаражаты есебінен жүзеге асыратын инвесторлар жер қойнауын пайдалануға басым құқық алуы қажеттігін атады.
«Кешенді мемлекеттік сараптаманы енгізу және процесті толық цифрландыру арқылы жобаларды мақұлдау мерзімдері мен рәсімдерін екі есе қысқарту қажет. Үкіметтің міндеті – 2026 жылға қарай геологиялық-геофизикалық зерттеу аумағын қазіргі 1,5 миллионнан 2 миллион 200 мың шаршы шақырымға дейін жеткізу. Басым міндеттердің бірі «жаңа мұнайға» айналған сирек металдардың кен орындарын игеру болуға тиіс. Осы салада өз әлеуетін іске асыра алатын елдер бүкіл әлемнің технологиялық өсім бағдарын айқындайды. Жыл соңына дейін біз саланы дамыту туралы кешенді пайымды әзірлеуіміз керек. Өңдеу өнеркәсібін қолдау үшін шетелдік және отандық инвесторларды алғашқы үш жылда салықтар мен басқа да міндетті төлемдерден босату қажет. Бұл өңдеуші индустрияға елеулі серпін беруі тиіс қағидатты мәселе», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

JQ-Aqparat

Бүгін, 12:38
Мемлекеттік кеңесші: Президент реформаларының ең үлкен жемісі – қоғамдық санадағы сілкініс
25 маусым, 12:55
Нурпеис Акбаев: Развитие языка - общая ценность, объединяющая все этносы нашей страны
25 маусым, 12:51
Серикбай Пиримбеков: Расширение сферы применения государственного языка — системный и непрерывный процесс
24 маусым, 13:56
Бахытжан Бокебаев: Уважение к языку — показатель развития общества
24 маусым, 13:55
В Туркестанской области построят завод по глубокой переработке цветных металлов и производству кабельной продукции
23 маусым, 13:03
Туркестан: в государственную собственность возвращено почти 50 тысяч гектаров земель
23 маусым, 13:01
Туркестан: Новые проекты в сфере животноводства и переработки сельхозпродукции
22 маусым, 13:53
Нурлыбек Налибаев в ходе рабочей поездки в Туркестанскую область обсудил вопросы развития экотуризма
22 маусым, 13:51
Туркестанская область: восемь лет масштабного развития социальной инфраструктуры