jasqazaq.kz

ЖОЛДАУ – 2023: ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ЖАҢҒЫРТУ

27 тамыз 2024, 14:43

Қандай Міндет Жүктеді?

«Өткен қыста еліміздің жылу электр станцияларында қайта-қайта апат болды. Бұл жағдай жылдар бойы шешілмеген мәселенің бетін ашып берді. Инфрақұрылымның әбден тозуы халықтың тұрмыс сапасына тікелей әсер етеді. Индустрияландыру қарқынын да тежейді. Яғни, инфрақұрылымды жаңғыртпасақ, жаңа экономикалық үлгіге көшу мүмкін емес. Үкімет жаңа инфрақұрылымдық жоспарда осы саладағы барлық түйткілді ашық көрсетіп, оны шешу жолдарын анықтауға тиіс».

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2023 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауынан.

Қалай Орындалды?

  1. 2023 жылдың басында Үкіметтің бастамасымен жылумен жабдықтау жүйелерін дамытуға нысаналы трансферттер бөлу жөніндегі бюджеттік бағдарлама іске қосылды.
  2. Аталған бағдарлама аясында 114 шақырым жылумен жабдықтау желілерін жаңғыртуға 77,4 млрд теңге бөлді.
  3. Инфрақұрылым жоспары шеңберінде 2030 жылға қарай жылумен жабдықтау желілерінің тозуын 43 пайызға дейін төмендетуді көздейтін 1,6 мың шақырымды жөндеуге тапсырыстар берілді.

Жылумен жабдықтау желілерінің тозуын азайту мақсатында 2023 жылы республикалық бюджет есебінен жалпы сомасы 116,3 млрд теңгеге 131 шақырым жылумен жабдықтау желілері жөнделді.

Биыл республикалық бюджет есебінен 92,5 млрд теңге сомасына шамамен 160 шақырым жылумен жабдықтау желілерін жөндеу жоспарланып отыр.

JQ-ТАЛДАУ

 

 

 

 

 

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі