jasqazaq.kz

ЖОЛДАУ — 2023: ЕГІН ШАРУАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ РЕФОРМА

27 тамыз 2024, 12:59

Қандай Міндет Жүктелді?

«Егін шаруашылығында маңызды реформа жасайтын кез келді. Егіс түрлерін көбейтуіміз керек. Сондай-ақ көбірек пайда әкелетін дақылдар еккен жөн. Суды көп қажет ететін егіс алқабын біртіндеп азайтып, бір ғана дақыл түрін егуді шектеу қажет. Диқандарды жергілікті тұқыммен қамтамасыз ету маңызды. Сонымен қатар жаңа сұрыптарды шығарып, оны өсіру мәселесін шешкен жөн».

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2023 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауынан.

Қалай орындалды?

Жолдау жүктеген міндетке сәйкес, ылғал көп қажет ететін және монодақылдарды қысқартуға, жоғары рентабельді дақылдар алқаптарын кеңейтуге бағытталған әртараптандыру бойынша көрсеткіштерді көздейтін Жол картасы әзірленді. Жалпы, 5 жыл ішінде астық алқаптары 1,3 млн. гектарға, оның ішінде бидай 863 мың гектарға, арпа 343 мың гектарға, жүгері 27,9 мың гектарға қысқарады.

Сонымен қатар сумен қамтамасыз ету тәуекелдерін ескере отырып, ылғал көп қажет ететін дақылдарды қысқарту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Мәселен, оңтүстік өңірлер үшін 5 жыл ішінде күріш алқабын 21 мың гектарға және мақта алқабын 46,4 мың гектарға қысқарту бойынша индикативтер әзірленді. Осы дақылдардың аумағын қысқарту есебінен суды үнемдеу 1,4 млрд текше метрді құрайды.

Егін алқаптарындағы шығымды ұлғайту бойынша жұмыс жүргізілетін болады, бұл ауыл шаруашылығы дақылдарын өндірудің өзіндік құнын төмендетуге мүмкіндік береді. Әртараптандыруға бағытталған жоспар өңірлік ерекшеліктер мен нарық қажеттіліктерін ескере отырып қалыптастырылды.

Әртараптандыру бойынша қабылданып жатқан шаралар мемлекеттік қолдау көлемін ұлғайту, салада заманауи технологияларды енгізу жөніндегі шаралармен бірге өндіріс көлемін ұлғайту мен сапасын арттыру, өнімді қайта өңдеу және оларды отандық шикізатпен қамтамасыз ету жөніндегі кәсіпорындардың өндірістік қуатын, мал шаруашылығының жемшөп базасын нығайту үшін алғышарттар жасайды.

Сондай-ақ ауыл шаруашылығы дақылдарының селекциясы мен тұқым шаруашылығын дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған Кешенді жоспары әзірленіп, бекітілді. Оны іске асыру 2028 жылға қарай ауыл шаруашылығы дақылдарының 108 жаңа сұрпы мен будандарын алуға және сынаққа шығаруға мүмкіндік береді.

Тұқымның қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында 2023 жылғы қыркүйекте ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқымына субсидиялар нормативтері орта есеппен 30 пайызға артты.

JQ-ТАЛДАУ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бүгін, 16:01
Данияр Жүсіпов: «Шомылу маусымында қауіпсіздікке немқұрайды қарауға болмайды»
01 шiлде, 16:15
Номофобия балалар суицидіне түрткі болуы мүмкін
01 шiлде, 15:54
Рухани құндылықты сақтаудың жаңа кезеңі: Алматыда ұлттық мұра цифрлық форматқа көшірілу
01 шiлде, 13:32
ҚМГ мен Chevron геологиялық барлау саласындағы ынтымақтастық мәселелерін қарастырды
01 шiлде, 8:54
Жаңа дәуір басталады: Мемлекет басшысы Жаңа Конституциясының күшіне енуіне орай үндеу жасады
30 маусым, 13:16
Президент: Халық Кеңесі – тарихымызда алғаш рет конституциялық деңгейде құрылған диалог алаңы
30 маусым, 13:11
Президент: Электрондық Парламентті қалыптастыруға және дамытуға көп күш-жігер жұмсауымыз қажет
30 маусым, 12:51
Президент: Отыз жылдың ішінде 3,5 мыңға жуық аса қажетті заң қабылданды
29 маусым, 14:39
Инвестиция: Капитал тартудан технологиялық серіктестікке дейін