jasqazaq.kz

ЖОЛДАУ — 2023: АУЫЛДЫ ӨРКЕНДЕТУ

27 тамыз 2024, 12:56

Қандай Міндет Жүктелді?

«Ауыл-аймақты дамыту үшін шағын шаруашылықтарды қолдау өте маңызды. «Ауыл Аманаты» бағдарламасының елге қажет екені айқын көрінді. Оның келесі кезеңінде жеңілдетілген несие берумен шектеліп қалмау керек. Жеке қосалқы шаруашылық иелері өзара бірігуі қажет. Осыған қажетті жағдай жасалуы керек».

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2023 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауынан.

Қалай Орындалды?

2023 жылы «Ауыл Аманаты» бағдарламасын іске асыруға 17 мың шағын несие беру және ауылдық жерлерде 18 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын құру жоспарына сәйкес 100 млрд теңге көлемінде қаражат бөлінді.

Бүгінгі таңда 91,8 млрд теңге 14,5 мың шағын несие арқылы берілді, оның есебінен 15,5 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды.

Бағдарлама шеңберінде кооперативтер құруды ынталандыру үшін кооперативтерді несиелеудің ең жоғары сомасы 8 мың АЕК-ке дейін несие беру көзделген.

  1. «Ауыл Аманаты» бағдарламасы бойынша жалпы сомасы 6,7 млрд теңгеге 321 ауыл шаруашылығы кооперативі қаржыландырылды.

Кооперативтерді қолдау үшін инвестициялық субсидиялау бағдарламасы шеңберінде инвестициялық салымдарды өтеу үлесін жергілікті бюджет есебінен 50 пайызға дейін ұлғайту көзделген:

Бұл міндет техника мен жабдықтар (тракторлар, комбайндар, тіркеме және аспалы техника) сатып алу және сүт өңдеу объектісін құру және кеңейту, сүт қабылдау пункттерін құру, жабдықтар мен техника сатып алуды қамтыды.

  1. Ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер мен ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін корпоративтік табыс салығының немесе жеке табыс салығының, әлеуметтік салықтың, мүлік салығының, көлік құралдарына салынатын салықтың жалпы белгіленген тәртіппен есептелген сомаларын 70 пайызға дейін азайтуды көздейтін арнайы салық режимі түріндегі салық жеңілдіктері қарастырылған.

JQ-ТАЛДАУ

 

 

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі