jasqazaq.kz

Жолдағы мопед-тажал талайдың өмірін жалмап жатыр

30 шiлде 2024, 13:06

Жол бойында ешқандай ереже мен тәртіпке бағынбайтын мопед жүргізушілері мен қайғылы оқиға көбеймесе, азаяр емес. Жыл басынан бері еш жерде тіркелмеген қос доңғалақты осы көліктің қатысуымен болған жол апатында 27 адам көз жұмды. Қол-аяғы майып болғандар қаншама!

Бүгін Үкімет басшысы Олжас Бектенов талайды толғандырып отырған осы түйткілдің қалай шешіліп жатқанын сұрады. Ішкі істер министрі Ержан Сәденов бүгінге дейін 39 мың мопедшінің әкімшілік жауапқа тартылғанын, 5 мыңнан астам тізгінсіз көліктің айыптұрағына жөнелтілгенін хабарлады. Жолдағы апатты болдырмаудың жолы ретінде мопед атаулы тіркеуге алынып, көлікке автонөмір беріледі. Мопедке мінетіндер жүргізуші куәлігін алуы тиіс.
Осындай талапты көздейтін заң жобасы Сенатқа жіберілді.

Шамасы, тас жолда білгенін істеп жүрген тентектерге тосқауыл жыл соңына дейін қойылуы тиіс.

JQ-Aqparat

Сурет: zakon.kz

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі