jasqazaq.kz

Жол-көлік оқиғасы болып, жүргізушінің аузына арматура кіріп кетті (видео)

05 маусым 2017, 17:57

Қарағанды облысында жол-көлік оқиғасы кезінде ер адамның аузына темір арматура кіріп кеткен. 2 маусымда шамамен сағат 21.00-де Қарағанды-Шахтинск тасжолында арматура тасымалдаған Volkswagen Passat пен жеңіл көлік соқтығысқан.

Соңғы аталған көлікте 1994 жылғы жігіт пен оның жүкті әйелі болған. Орталық байыту фабрикасына қарай бұрылғанда тіркеме ауып, қарсы бағыттағы жолға шығып кетіп, металл арматуралар шашылған. Темірлердің бірі Passat көлігінің артында келе жатқан автомобильдің беткі терезесін тесіп өтіп, жүргізушінің ауыз қуысына кіріп кеткен. Ер адам Шахтинск қалалық орталық аураханасына сол күйі жеткізілген. Жүкті әйелі, абырой болғанда, зардап шекпеді. Ал жүргізушінің тістері сынған, бет сүйегі жараланған. Бақытына орай, темір оның миына қарай емес, төменге кеткен. Жәрдем көрсетілгеннен кейін ер адам Қарағандыдағы ауруханаға жеткізілді. Онда арматураны шығару бойынша ота жасалған. Бүгінде ер адамның жағдайы қанағаттанарлық, 4 маусымда ол Қарағандыдағы бет-жақсүйек ауруханасына ауыстырылыпты. «Ал Passat жүргізушісі тіркемесіне арматураны жақсылап бекіткенін айтып отыр. Тіркеменің не себепті аударылғаны, онда салмағы қанша жүк болғаны және жүктің қалай бекітілгенін анықтау бойынша тергеу жүріп жатыр», — деп хабарлады Абай қалалық ІІБ ЖПҚ өкілдері.

Ескерту! Видеода былапыт сөздер айтылады!

https://youtu.be/eAywBfu4wLA

Tengrinews.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде