jasqazaq.kz

Жол апатынан адам қазасы көбейді

14 тамыз 2023, 9:14

Маңғыстау облысында жол апатынан қаза болғандар саны 34,7% өскен. Сондай-ақ балалардың қатысуымен тіркелген жол-көлік оқиғаларының саны 13,3%, қаза тапқандар саны 66,7% артқан. Бұл туралы қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте облыстық полиция департаменті бастығының міндетін атқарушы Болатбек Ақшауов мәлім етті.
«Жол-көлік оқиғаларының ауыр салдарын азайту басты мақсаттардың бірі болғандықтан, бұл бағыттағы іс-шаралар жүйелі түрде өткізіліп отырды. Нәтижесінде, жыл басынан бері 116 638 құқықбұзушылық анықталып, айыппұл салынды. Сондай-ақ, облыс көлемінде жол-көлік оқиғаларының саны былтырмен салыстырғанда — 6,7%, жарақаттанғандар — 19 % төмендеген. Ал, қаза болғандар саны 34,7% өсіп отыр. Сонымен қатар, балалардың қатысуымен тіркелген жол-көлік оқиғаларының саны — 13,3%, қаза тапқандар саны — 66,7% өсті», — деді Болатбек Ақшауов.
Облыстық полиция департаменті қоғамдық және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында республикалық, облыстық деңгейде 17-ге жуық жедел-профилактикалық іс-шара өткізген.
«Соңғы кезде жол апатынан азаматтарымыздың, бүлдіршіндеріміздің қазасы көбеюі бәріміздің жанымызды ауыртып отыр. Жол апаты жүргізушілердің белгіленген жылдамдықты шамадан тыс асыруынан, жүргізушілердің көлік құралын басқару кезінде ұйықтап кету салдарынан және жаяу жүргіншілердің белгіленбеген жерде жолды кесіп өтуінен, сонымен қатар, жүргізушілердің жаяу жүргіншілерді өткізбеуінің кесірінен болып жатыр. Осыған орай, облыс тұрғындары мен қонақтарын жол ережесін сақтап, заң тәртібіне бағынып, қауіптің алдын алуға шақырамын», — деді Болатбек Ақшауов.
Бүгінде жол-көлік оқиғаларының алдын алу үшін 21 «Кибер шериф» жылдамдық өлшегіш құрылғысы іске қосылып, оның 14-і республикалық тасжолда, үшеуі Ақтау қаласында, ал екеуі Жаңаөзен мен Мұнайлыда жұмыс жасап тұр.
Сонымен қатар, жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында «СКАТ-П» көпфункциялы жылдамдық өлшеу құралдарының 8-і жол-көлік оқиғалары жиі болатын республикалық маңыздағы тасжолдардың бағытына қойылған.
JQ-Aqparat

25 маусым, 12:55
Нурпеис Акбаев: Развитие языка - общая ценность, объединяющая все этносы нашей страны
25 маусым, 12:51
Серикбай Пиримбеков: Расширение сферы применения государственного языка — системный и непрерывный процесс
24 маусым, 13:56
Бахытжан Бокебаев: Уважение к языку — показатель развития общества
24 маусым, 13:55
В Туркестанской области построят завод по глубокой переработке цветных металлов и производству кабельной продукции
23 маусым, 13:03
Туркестан: в государственную собственность возвращено почти 50 тысяч гектаров земель
23 маусым, 13:01
Туркестан: Новые проекты в сфере животноводства и переработки сельхозпродукции
22 маусым, 13:53
Нурлыбек Налибаев в ходе рабочей поездки в Туркестанскую область обсудил вопросы развития экотуризма
22 маусым, 13:51
Туркестанская область: восемь лет масштабного развития социальной инфраструктуры
22 маусым, 13:49
Туркестан: инвестиции, индустриализация и новые точки роста