Желіге шотландиялық боксшы Майк Тауэлдің соңғы жекпе-жегінің видеосы жарияланды. Ол 29 қыркүйек күні Дэйл Эванспен кездесіп, ауыр соққыдан соң көз жұмған болатын, деп хабарлайды Вaq.kz.
Нокаут алған 25 жастағы боксшы есінен танып қалған. Боксшының менеджерінің айтуынша, спортшы өздігінен демала алмағандықтан жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Өкінішке қарай дәрігерлер боксшыны ажалдан арашалап қала алмады. Майк Тауэлл ауруханаға түскеннен соң 12 сағаттан кейін жан тапсырды.
Видеода Тауэлл бірнеше ауыр соққы өткізіп алғаны анық көрінеді.
https://www.youtube.com/watch?v=WCfxq6pkuHk