jasqazaq.kz

Жоғары һәм кәсіптік білім беру ел экономикасына сай болуы керек

26 сәуiр 2023, 10:30

Үкімет жанындағы отандық кәсіпкерлер кеңесінде Премьер-Министр Ә.Смайылов еліміздегі жоғары оқу орындары мен колледждердің білім беру бағдарламасы ел экономикасының қажеттілігін өтей алуы керек екенін нықтап айтты. Адами капиталды дамытудың маңыздылығы талқыланған кеңесте оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев осы бағыт бойынша балабақшаларда 300 мың жаңа орын ашу, білім беру жүйесіндегі жаңашылдықтың – 1000 көшбасшысы кадрлық резервін құру, мектептерде 7 мың пәндік кабинет ашу, 100 қосымша білім беру объектісін салу, колледждердегі мемлекеттік тапсырысты 150 мың орынға дейін ұлғайту, 100 бизнес-инкубатор құру және т. б. шаралардың жоспарланғанын жеткізді.
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламасын жаңарту, өңірлік кадрлық қажеттілік картасын жасау, ғылыми қызмет нәтижелерін коммерцияландыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар жайында есеп берді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова ұлттық біліктілік жүйесін дамыту шаралары туралы айтты. Премьер-Министр экономика қажеттіліктері үшін маман даярлау Үкіметтің басым міндеттерінің бірі екенін тағы да еске салды. Экономиканың нақты қажеттіліктеріне назар аудара отырып, білім беру жүйесін жетілдіру және жақсарту бойынша жұмыстарды жалғастыру қажеттігін тапсырды. «Білім беру гранттарын және басқа да дамыту шараларын алдын ала қарастыру үшін еңбек нарығын зерттеуге және 5-7 жылдан кейін экономикаға қандай кадрлар қажет болатынын болжауға көңіл бөлу қажет. Бұл тек жоғары оқу орындарына ғана емес, колледждер мен басқа да білім беру ұйымдарына қатысты. Білім беру бағдарламалары нарық сұранысына сай болуы тиіс», – деді Әлихан Смайылов.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі