jasqazaq.kz

Жоғары аудиторлық палатаның ұсынымдары Парламентте талқыланды

27 маусым 2025, 11:00

Парламент палаталарының бірлескен отырысында 2024 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы Үкімет есебіне Жоғары аудиторлық палатаның берген қорытындысы және мемлекеттік қаржыны басқару тиімділігін арттыруға қатысты жаңа ұсынымдар қаралды, деп хабарлайды jasqazaq.kz.
Бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін пайдаланудың нәтижелілігін арттыру – бюджет процесіне қатысушылардың барлығына ортақ міндет. Жоғары аудиторлық палата мен Үкімет депутаттардың қолдауымен осы бағытта тиісті жұмыстарды атқаруда.
Шешімін тапқан маңызды мәселелердің қатарында салықтық болжау мен әкімшілендіруді жетілдіру, бюджет процестерін оңтайландыру, парламенттік бақылауды күшейту және тағы басқа бюджет заңнамасындағы реформалар бар.
Мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің есептілігі күшейтілді. Енді Үкіметтің жылдық есебінде Жоғары аудиторлық палатаның ұсынымдарын орындау нәтижелері көрсетілуі керек.
Сонымен қатар мемлекеттік қаржы статистикасын жетілдіру көзделіп отыр. Онда Ұлттық қорды пайдалану, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің даму жоспары мен іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы ақпарат қамтылады.
Болжау, тәуекелді бағалау, лимитті айқындауды, сондай-ақ мониторинг пен есептілікті қамтитын борыштық міндеттемелерді кешенді басқару институты енгізілді.
Бюджет процесіне қатысушылардың бюджет заңнамасын бұзғаны, бюджеттік бағдарламаларды тиімсіз орындағаны және қаражатты қайта бөлудің негізділігі үшін жауаптылығы күшейтілді.
Жалпы Үкімет Жоғары аудиторлық палатаның ұсынымдарын орындау бағытындағы жұмысын арттырды. Өткен жылғы ұсынымдардың жартысына жуығы іске асырылды, жыл соңына дейін тағы бесеуі орындалады.
Өткен жылы тәуекелдерге неғұрлым бейім негізгі бағыттар бойынша 30-дан астам ұсыным берілді. Атап-айтқанда:
– Қолданылған есептеу модельдері, факторлар мен болжамдарды көрсету арқылы әлеуметтік-экономикалық даму болжамы көрсеткіштерін қалыптастырудың ашықтығын арттыру;
– Салық саясатының тұжырымдамасын әзірлеу. Тұжырымдамада салықтық және кедендік әкімшілендіруді толық цифрландыру, таңбалауға жататын тауар топтарын айқындау, жасырын кәсіпкерлік қызметті және кірістерді төмендетіп көрсетуді анықтау механизмдері қамтылуы тиіс;
– Қарыз алудың орындылығын негіздейтін деректерді ашып көрсету, сондай-ақ сыртқы қарыз есебінен қаржыландырылған әрбір жобаның ұзақ мерзімді перспективада борыштық тұрақтылыққа әсерін бағалау туралы талап енгізу;
– Бизнесті мемлекеттік ынталандыру және қолдау шараларының тиімділігін бағалау тәртібін айқындау;
– Қаржы жылы ішінде бекітілген бюджеттік инвестициялық жобаларды алып тастау және бұрын жоспарланбаған жобаларды жаңадан қосу үшін қатаң критериилерді белгілеу;
– Салынған мемлекеттік инвестициялардың қайтарылымдығын арттыру мақсатында квазимемлекеттік сектор субъектілері дивидендтерінің мөлшерін айқындау тәсілдерін жетілдіру;
– Бірыңғай дерекқорға интеграциялау үшін Квазимемлекеттік компаниялар іске асыратын инвестициялық жобаларды цифрландыру;
– 2026-2028 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттерді жоспарлау кезінде бюджетаралық диспропорцияны азайту жөніндегі мәселені сапалы пысықтау.
Жоғары аудиторлық палата Мемлекет басшысы айқындаған міндеттерге қол жеткізу үшін Парламент және Үкіметпен жүйелі әрі бірлескен жұмысты жалғастырады.

JQ-Aqparat
Сурет: gosaudit.kz

Бүгін, 12:55
Нурпеис Акбаев: Развитие языка - общая ценность, объединяющая все этносы нашей страны
Бүгін, 12:51
Серикбай Пиримбеков: Расширение сферы применения государственного языка — системный и непрерывный процесс
24 маусым, 13:56
Бахытжан Бокебаев: Уважение к языку — показатель развития общества
24 маусым, 13:55
В Туркестанской области построят завод по глубокой переработке цветных металлов и производству кабельной продукции
23 маусым, 13:03
Туркестан: в государственную собственность возвращено почти 50 тысяч гектаров земель
23 маусым, 13:01
Туркестан: Новые проекты в сфере животноводства и переработки сельхозпродукции
22 маусым, 13:53
Нурлыбек Налибаев в ходе рабочей поездки в Туркестанскую область обсудил вопросы развития экотуризма
22 маусым, 13:51
Туркестанская область: восемь лет масштабного развития социальной инфраструктуры
22 маусым, 13:49
Туркестан: инвестиции, индустриализация и новые точки роста