jasqazaq.kz

Жоғары аудиторлық палата жылыту, сумен жабдықтау және су бұру салаларындағы міндетті емес бюджет шығындарын тоқтатты

01 сәуiр 2025, 12:18

Жоғары аудиторлық палатаның нұсқамасы бойынша жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің құрылысын жаңғырту кезіндегі бюджет қаражатын ұтымсыз жұмсау тоқтатылды, деп хабарлайды jasqazaq.kz Gosaydit.kz Телеграм-каналына сілтеме жасап.

Осы салаға аудит жүргізу барысында мынадай бұзушылықтар анықталған:
2023-2024 жылдары сенім білдірілген агенттің шығындары шеңберінде бюджет қаражатынан талдамалық көрсетілетін қызметтерге ақы төленген. Ал бұл Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті мен «Қазақстандық тұрғы үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту және дамыту орталығы» АҚ-ның тікелей функционалы болып табылады. Жалпы 2 жыл ішінде 207 млн теңгеден астам қаражат жұмсалған.

Жоғары аудиторлық палатаның тапсырмасын орындау шеңберінде жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің құрылысын жаңғыртуға республикалық бюджеттен шығыстарды қалыптастыру кезінде 2025 жылдан бастап аталған қызметтер үшін қаржыландыру бөлінбейді.

Сонымен қатар 2024 жылға арналған бюджетті түзету кезінде 84,4 млн теңге үнемделді. Бұл қаражат мемлекет қазынасына қайтарылды.
Мемлекеттік аудит қорытындылары бойынша басқа да тапсырмалардың орындалуы Жоғары аудиторлық палатаның бақылауында болады.

JQ-Aqparat
Сурет: @auditpalatasy

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі