jasqazaq.kz

Жоғарғы сот ұсынысы: Алаяқ рәсімдеген несиені зардап шегуші төлеуге міндетті емес

12 қараша 2024, 10:39

Жоғарғы Соттың Халықаралық кеңесінің отырысында интернет-алаяқтықтан зардап шеккендердің мүдделерін қорғаудың тәсілдері талқыланды.

Жоғарғы Соттың судьялары Мәдениет Омарбекова мен Баян Тоқтарова интернеттегі алаяқтыққа қатысты істердің жыл сайын артып келе жатқанын атап өтті. Биыл 2022 жылмен салыстырғанда мұндай азаматтық істердің өсімі 270 пайыздан асты.

Заңнамаға онлайн-несие беру кезінде міндетті биометриялық аутентификация және зейнеткерлер мен халықтың осал топтары үшін шектеулер туралы түзетулер ұсынылды.

Жағдайды түбегейлі жақсартуға мүмкіндік беретін тағы бір жаңалық – несиенің клиенттің қатысуынсыз алаяқтық жолмен берілгені сот актісімен анықталған кезде несиелік ұйымдардың қарызды есептен шығару жөніндегі заңмен бекітілген міндеттемесі болмақ.

Бұл норма несиелік ұйымдарды берілген несиелердің сақталуын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдауға ынталандыруы тиіс.

Халықаралық кеңес әзірлеген ұсынымдар уәкілетті органдарға жіберіледі.

Жоғарғы Соттың баспасөз қызметі

Сурет: Depositphotos.com

 

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық