jasqazaq.kz

Жоғарғы оқу орындары керуенін жөнелтті

18 сәуiр 2024, 15:53

Су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге гуманитарлық көмек түрлері әлі де жолданып жатыр. Еліміздің әр өңірі шама-шарқынша керек-жарақты түгендеп, батыстықтарға жөнелтуде. Ол үшін қалада арнайы қабылдау пункттері де ашылған. Ел басына күн туғанда көмек қолын созудан қаладағы жоғарғы оқу орындары да қапы қалмады. Шымкенттегі Тәшенов университетінің ұйымдастыруымен бес университеттің оқытушы пофессорлары бірігіп бес жүк көлігімен батыс өңіріне гуманитарлық көмек жолдады.

–Қазақстандағы оқу орындары бір-бірімен тығыз қарым-қатынаста. Біз ол жатағы университетке хабарласып, қазіргі уақытта жеткіліксіз заттардың, керек құралдардың тізімін алдық. Қазіргі уақытта ол жерге киім кешек, азық-түлік, санитарлық қажеттілік заттары, дәрі-дәрмектер жеткізілген. Алайда су тартатын насостар, резеңке етік, құм салатын қаптар, күрек сияқты құрылыс заттары әлі де тапшы екен. Университет қызметкерлері бірігіп, бір күндік жалақымызды аударып, осы аталған тізім бойынша керек жарақтарды алдық. Жалпы әр жүк көлігінде 10-12 тонна гуманитарлық заттар бар. Енді осы көмек күші аман-есен жетіп, халыққа пайдасы тиіп, осы апаттың ертерек сейілгенін тілейміз, – деді Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің проректоры Баршагүл Қашқынқызы.

Сондай-ақ жүк көлігіне азық-түліктен бөлек 150 көрпе, жастық, көрпеше, балалар жөргегі, құрылыс заттары тиелген.
Айта кетейік, мұнан бөлек Ө. Жәнібеков атындағы ОҚПУ университетінің басшылығы бұған дейін Арқалық қаласындағы 21 студенттің оқу ақысына 6 миллионға жуық қаражат аударған.

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі