jasqazaq.kz

Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысында 14 мәселе қаралады

31 мамыр 2016, 16:27

Снимок

Ақордада Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы өтіп жатыр. ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев кездесуге жиналғандарды ЕАЭО құрылғанына екі жыл толуымен құттықтады. деп хабарлайды BNews.kz

«Бүгін сіздерді Еуразиялық экономикалық одақты одан әрі дамыту мәселелерін талқылау үшін Астанада көргеніме қуаныштымын. Ең алдымен, сіздерді баршамыз үшін маңызды дата – осыдан 2 жыл бұрын 29 мамырда елордада Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қол қойылғанына екі жыл толуымен құттықтаймын», — деді Н.Назарбаев.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы күн тәртібінде 14 мәселе тұрғанын еске салды.
«Ресей Федерациясы, Қазақстан және Беларусь елдері бастап, құрамымыз Армения және Қырғызстанмен толықты. Бүгінде ЕАЭО қанатын кеңге жайып келеді. Бүгін біз экономикалық бірлестік қызметінің өзекті әрі маңызды мәселелерін талқылап, шешім қабылдау үшін жиналдық. Күн тәртібіне 14 мәселе қойылған. Олардың кейбірін шағын құрамда қазір және осы жерде талқылау ұсынылды», — деп толықтырды Елбасы.+
Кейін Мемлекет басшысы сөз кезегін Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Тигран Саркисянға берді.
«Құрметті әріптестер, күн тәртібіне тағы бір қосымша мәселе шығарылып отыр. Біздің қырғыз әріптестеріміз Еуразиялық экономикалық комиссия алқасы мүшесінің өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтатып, жаңа мүшені тағайындау туралы ұсыныспен жүгінді», — деді ол.
Отырысқа ЕАЭО-ға мүше 5 мемлекеттің басшылары қатысып жатыр.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде