jasqazaq.kz

Жоғалып кеткен тікұшақ табылды

26 ақпан 2017, 17:15

Шығыс Қазақстан облысында жоғалған тікұшақ Аягөз қаласынан 60 шақырым жерден табылды.

«Алматы облысынан ұшып шыққан МИ-2 тікұшағының құлаған жері белгілі болды. Куәгерлер тікұшақтың Айғыздың үстінен ұшқанын көрген. «Қазаэронавигация» мәліметінше, жоғалған ұшақ Аягөз қаласынан 60 шақырым жерден табылған. Олардың айтуынша, ұшқыш қайтыс болған. Бір жолаушы тірі, қазіргі уақытта оны Айғыз ауылындағы ауруханаға жеткізген. Тағы бір адам туралы мәлімет анықталып жатыр», — деді Иманқұлов. Құтқарушылар апат болған жерге жолмен бара жатыр. Ауа райының қолайсыздығына байланысты жолдардың жабық болуынан көлік қозғалысы қиындаған. Еске салайық, жеке меншіктегі С-341 тікұшағы кеше Үржар ауданындағы Қожа ауылынан ұшып шығып, Аягөз ауданындағы Ақшатау ауылына қонуы керек болған. Куәгерлер тікұшақтың Айғыздың үстінен ұшқанын көрген. Алайда жетер жеріне жетпеген. 25 ақпанда сағат 18.30-да пилот байланысқа шықпаған. Тікұшақтың жоғалған аумағы деп Айғыз бен Ақшатау ауылдарының арасындағы 100 шақырым жер аталып отыр. ШҚО ТЖД Дағдарыс орталығында және Аягөз ауданында жедел штаб құрылған. Іздестіруге ШҚО ТЖД және аудандық ІІБ-нің 29 адамы жұмылған, 4 дана техника тартылған. Tengrinews.kz хабарлағандай, жергіліктік атқару органының жеке құрамының 10 адамы мен 5 дана техника тартылды. Жоғалып кеткен тікұшақтың бортында үш адам болған.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде