jasqazaq.kz

Жоғалып кеткен келіншектің ұлына туыстары таласып жатыр

11 мамыр 2017, 21:53

Павлодарда жеті ай бұрын ұшты-күйлі жоғалған келіншектің туыстары енді оның артында қалған баласы үшін дауласуда. 46 жастағы Вера Николаеваның айтуынша, қызы былтыр қазан айында бұрынғы күйеуімен кездесуге кетіп, сол күйі оралмаған. 28 жастағы келіншекті полиция мен еріктілер талай іздегенімен, таба алған жоқ. Ал оны көрмедім деген бұрынғы күйеуі енді ұлдарын нағашыларынан әкетіп, өзі тәрбиелеуге бекініп отыр екен.

46 жастағы Вера Николаева – көп балалы ана. Алты баланы жалғыз өсіріп жеткізген әйел қазір тұңғышы – Дарьяны таба алмай отыр. Бұрынғы күйеуімен кездесуге кеткен ол үйге сол күйі оралмапты. Жиендеріне бас-көз болып қалған анасы енді не өлі, не тірі екенін білмей дал.

Вера Николаева, Дарья Николаеваның анасы:

–Бұрынғы күйеуі балаларды алып кетем деп жиі қорқытатын. Олар азаматтық некеде тұрып, екі жыл бұрын айырылысқан. Күйеуі кездесуге шақырып, ақыры мені қызымнан, балаларын анасынан айырды.

Ал шешесін 7 ай көрмеген бүлдіршіндердің бірі 3, екіншісі 2 жаста. Анасын әсіресе туғанынан демікпеге шалдыққан кішкентай Виталий жиі іздейді. Ал есі кіріп қалған Семен оны жұбатып жүр.

28 жастағы Дарьяның өзінен былтыр қазанның 22-нен бері хабар жоқ. Полиция талай жерді шарлағанымен, таппаған. Кездесуге шақырған бұрынғы күйеуінің туыстары да келіншекті көрмедік деп азар да безер.

Наталья Дубинина, Николай Дубининнің анасы:

-Ұлыма Дарьяны өлтірді деп жала жабуда. Полицейлер маңайдың бәрін қазып тінтіп ештеңе таппады. Меніңше, Дарья басқа біреумен тұрады. Ал бұл оқиғаны алимент өндіру үшін ойлап тапқан.

Жұмбақ жағдайда жоғалған Дарья Николаеваға енді халықаралық іздеу жарияланды. Бастапқыда адам ұрлау бабымен іс қозғаған полицейлер қазір кісі өлтіру бойынша тергеу бастаған. Ал қос бүлдіршіннің ендігі тағдырын сот шешуі тиіс. Өйткені, әжелерінің қолындағы балаларды алуға әкесі де ниетті екен.

Дарья Николаеваны соңғы рет куәгерлер аудан орталығынан көрген екен. Оны іздеуге туыстарымен қоса еріктілердің де жұмылдырылғанын айта кетейік. Іздеу жұмыстары еш нәтиже бермегенімен, келіншектің үйіндегілер оның аман-есен ораларына сеніммен қарап отыр.

ktk.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде