jasqazaq.kz

Жігітті үйлену тойынан кейін өлтірген полицей жазасын алды

14 желтоқсан 2016, 22:11

Жамбыл облысында 25 жастағы азаматты өлтірді деп айыпталған учаскелік инспекторға бүгін сот үкім кесті. Полицияның экс-капитаны Ержан Қуанышбековтің марқұм Ерік Төреқұловты өлтіргені дәлелденіп, ол 9 жыл жаза арқалады.

ktk.kz хабарлағандай, марқұмның жақындары шешіммен келіскенімен, осы қылмыстық іске қатысы бар тағы екі полицейдің әлі күнге бостандықта жүргеніне наразы. Сондықтан сотталушының сыбайластарын да түрмеге тоғытуды талап етуде. Естеріңізге салсақ, оқиға биыл шілде айында Тұрар Рысқұлов ауданында болған. Өз үйлену тойының ертесіне туыстарымен таудағы су қоймасына шомылуға барған Ерік Төреқұлов күзетшімен жағаласып, сол жерден үш полицей оны көлікке салып күштеп әкетеді. Артынша машинаға мінген 25 жастағы жігіттің өлі денесі ауруханаға жеткізілген. Сараптама марқұмның асқазанындағы ұйқы безі жарылып, ішіне қан құйылғанын растады. Әрі миына да қан кетіп, көз тамырының жарылғанын көрсеткен. Яғни ол азаппен өлген дейді әкесі. Сондықтан баласын жауыздықпен өлтірген инспекторларды түгел жазаға тартқызбақшы.

Қуанышбек Төреқұлов, Е.Төреқұловтың әкесі:

Ауранбеков және Ескендіровке қатысты прокуратура тергеу амалдары жүріп жатыр деген. Бірақ оларға ешқандай жаза қолданған жоқ. Олар қызметтерінде жүр.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде