jasqazaq.kz

Жігітті екі ауылдасы көзінен атқан

23 тамыз 2016, 17:21

 

 

zharakat

 

 

Қарағандыда жергілікті бұзақылар  ауылдасын  ұстап алып, көзінен атқан.  Осының салдарынана жас жігіт көз жанарынан айырылды.

Қазір  оқиға бойынша екі күдікті ұсталды. Олар өз ауылдастарын ұстап алып, оның екі көзіне бірдей оқ атқан. Жәбірленушінің алған жарақаты екі көзінде, екі тұрлі. Күдіктілердің бірі осыған дейін басқа іс бойынша жауапқа тартылып жатыр екен. Уақытша тергеу абақтысынан қаладан шықпау жөніндегі қолхаты бойынша үйінде жүрген.

 

Жергілікті басылымдардың жазуынша оқиға Қарағанды облысына қарасты  Ақтау ауылында болған. Жәбірленуші  25 жастағы Бекзат  Сүлейменов есімді жігіт. Бұзақылар оның екі көзін атқаннан бөлек ұрып-соғып түрлі деңгейдегі бірнеше  дене жарақатын да салған екен.

Жәбірленуші бұзақылардың өзін досымен бірге ауыл  шетіне алып барып, қалағандарынша мазақ қылғанын айтады. Жігіттің досы бұзақылар қолынан қашып шығып, оның туыстарына бірден хабар берген. Көзіне оқ тиген жігіт облыстық ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер оның көру қабілетінен айырылғанын айтып отыр.

«Жедел іздестіру жұмыстары нәтижесінде күдіктілер ұсталды. Олардың бірі уақытша тергеу абақтысына жабылды. Екіншісі ешқайда кетпеу туралы қолхат бойынша үйінде. Қазір сот алды тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр», –  дейді Қарағанды облыстық ІІД баспасөз хатшысы  Кудияров.

 

Stan.kz

 

 

31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді