jasqazaq.kz

«Жігерлі жүрек» отбасындағы қиыншылықтарды еңсеруге көмектеседі

16 қыркүйек 2024, 12:37

Ана мен бала құқығы – басты назарда. Қазіргі таңда еліміздің әр облыс орталығы мен республикалық маңызы бар қалаларда тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталықтары жұмыс істейді. Бұл жерге кез келген отбасы жағдайында зорлық көрген жандардың тікелей келуіне мүмкіндік бар. Сондай-ақ уәкілетті органдардың жолдамасы арқылы көмек алып жатады. Осындай мекемелердің жұмысы жайында «Жігерлі жүрек» қоғамдық бірлестігі «Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына көмек көрсету орталығы» басшысы Ербол Мырзабаймен сұхбаттасқан едік.

«Тиісті стандартты бағалау рәсімдерінен өткеннен кейін тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбаны деп танылса, орталыққа келіп көмек ала алады. Ал біз өз кезегінде бізге келген жандардың толық қауіпсіздігін қамтамасыз етеміз. Тіпті атын атап, түсін түстеген былай тұрсын, саны мен көрсеткіштері туралы да мәлімет бермейміз. Заңнамада көрсетілгендей, орталықтың көмегіне жүгінгендерге жатын орны, тамағы, маусымдық киім-кешек беріледі. Балалар балабақшаға және мектепке орналастырылады. Бұрынғы мектебіне, қашықтықтан оқуға мүмкіндік болса, ол жағы да қарастырылған. Зардап көргендер алдымен психологиялық көмек алады. Күйзеліс деңгейі анықталып, алдағы уақытта жоспарлы ем шаралары қабылданады. Мәдени іс-шараларға атсалысады. Егер кәсіппен айналысамын десе, оқу сертификаттарын алуына болады. Жергілікті әкімдіктер көмекке мұқтаж жандарға арнап грант қарастырып жатады. Соны аламын деп ұсыныс білдіргендері болса, құжаттары реттеліп, барлық жағдай жасалады», — деді ол.

Ербол Мырзабайдың айтуынша, орталық туыстарымен қарым-қатынаста, тұрмыста абьюзерлік танытқан азаматтарға қатысты жұмыс жүргізу үшін жергілікті уәкілетті органдарға байланысқа шығады. Ол мекемелер тиісінше сол отбасымен жұмыс жүргізеді. Қайткенде де отбасын сақтап қалуға жағдай жасалады. Қызмет алушыларға күш қолданылса, медициналық сараптамадан өткізеді. Зардап деңгейін анықтап, сот процесіне қажетті құжаттамаларды дайындауға заңгерлер көмектеседі.

Ербол Мырзабай: «Биыл 16 маусымнан бастап әйелдер құқығы мен балалардың қауіпсіздігі туралы заң күшіне енді. Мысалы, бұрын зорлық-зомбылық дерегі анықталған кезде, жәбірленуші тараптың жазбаша арызынсыз іс қозғалмайтын. Қазір осы заң аясында зорлық-зомбылық жасалғаны анықталса, құқық қорғау органдары айыптыларға заң шеңберінде жаза қолданады. Көршілердің немесе бейтаныс адамдардың да куәгерлігімен тергеу жүргізіліп, абьюзерді жауапкершілікке тартуға болады. Ең басты өзгеріс, бұрын отбасылық зорлық-зомбылық әкімшілік жауапкершілікке тартылатын. Қазір ол Қылмыстық кодекске енгізілді. Жаза бірнеше есе күшейді. Бұрын денсаулыққа зиян келтіргені үшін бестен он тәулікке дейін қамалса, қазір автоматты түрде 25 тәулікке қамалады. Заңның күшейіп, жазаның қатаңдауы – тұрмыстық зорлық-зомбылықты азайтуы тиіс деген үмітемін», — дейді.

Олжас Әбдіхалық,
Алматы

17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі
02 қазан, 13:16
Кино – тарих сөйлейтін тіл