jasqazaq.kz

Жігер Ауыпбаев «Меломен» тобына қайта келуі мүмкін

14 сәуiр 2023, 15:28

Отандық әнші Жігер Ауыпбаев осыған дейін «Меломен» тобынан кету себебін ашып айтқан болатын. «Төрлетіңіз» бағдарламасына келген әнші топқа қатысты тың мәліметімен бөлісіп, көпшілікті қуантып қойды.
«Жақын арада Алматыда жеке шығармашылық кешімді өткіздім. Сол кезде жігіттер («Меломен» тобы — ред.) құттықтап келіп, бәріміз сахнада тұрып жыладық. Ерекше сезім болды. Мен 2016 жылдың соңы, 2017 жылдың басында топтан кеттім. Содан кейін бірінші рет сахнаға төртеуіміз бірге шықтық. «Меломен» тобы қайта болып қалуы мүмкін. Қазір осындай әңгіме жүріп жатыр. Өйткені, сол концертте бұрынғы әнді айтып бастағанда менің бүкіл денем тітіркеніп кетті. Ән біткеннен кейін сахнада төртеуіміз бір-бірімізді құшақтап жыладық», — деді Жігер Ауыпбаев. Естеріңізге сала кетейік, Жігер Ауыпбаев көпшілікке «Меломен» тобында жүргенде танылды. Бірақ өнер иесі топтан кетіп, көпшілікке жеке әнші, актер ретінде таныла бастады. Жақында «Меломен» тобының жігіттері Жігер Ауыпбаевтың топқа қайта келуге өтініш білдіргенін айтты.

18 маусым, 15:26
Нуралхан Кошеров провел переговоры о строительстве горного курортного города в Каскасу
18 маусым, 14:39
Главная цель образовательной системы - повышать реальные знания
18 маусым, 14:12
В Жетысайском районе подвели итоги учебного года и наградили лучших педагогов
18 маусым, 14:10
В Туркестанской области строятся заводы по производству бумаги и хлопковой продукции
18 маусым, 14:05
В Туркестанской области планируется ввести в эксплуатацию 58 социальных объектов
17 маусым, 18:15
«Күніне 13-14 сағат телефонға телмірдім". Балалар номофобия шырмауында
17 маусым, 17:41
«Тәрбие басы – әке қолында»: Алматыда отбасы құндылықтарына арналған форум өтті
17 маусым, 15:44
В Туркестанской области активно ведется цифровизация таможенной сферы
17 маусым, 13:59
В Сарыагашском районе активно развивается социальная инфраструктура