jasqazaq.kz

Жібек Мусинованың ісі бойынша апелляциялық шағым қаралады

06 ақпан 2017, 11:06

Жібек Мусинованың ісіне қатысты апелляциялық шағым қаралады. Аталған процесс 14-ші ақпан күні Алматы облыстық сотында өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат .

Істі қарау уақыты сағат 11:00-ге белгіленді. Апелляциялық шағымды айыпталушы тараптың қорғаушылары түсірді. Олар сот үкімімен келіспейді, жаза тым қатал деп отыр. Ал жәбірленуші Жібек Мусинова да шағым түсірген. Ол керісінше, сотталғандардың жазасын қатаңдату керек деп санайды. Естеріңізге сала кетейік, 28-ші қараша күні Жібек Мусинованы зорлады деген айыппен 4 азаматқа үкім шықты. Төртеуі сегіз жылдан он жылға дейін сотталды. Жазаларын жалпы режимдегі колонияда өтейді. Ал, Жібек Мусинованы зорлағандардың ісі Еңбекшіқазақ аудандық сотында қаралды. Прокурор 4 азаматты 11 жылға дейін бас бостандығынан айыруды сұраған еді. Айта кету керек, 18 тамызда жәбірленушінің анасы әлеуметтік желі арқылы қызын 4 азамат зорлап кеткендігі жөнінде айтып, істің әділ өтуіне көмек сұраған болатын. Артынша күдіктілер қамауға алынды және істі облыстық ІІД тікелей бақылауға алған еді.

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде