jasqazaq.kz

Жезқазғанда балалар ойын алаңын өртеп жіберді (ВИДЕО)

09 шiлде 2025, 15:47

Ұлытау облысында балалардың ойын алаңын қасақана өртеген сәті бейнебақылау камераларына жазылып қалды. Бұл туралы әлеуметтік желіде жарияланған видеоларда көрсетілген. Оқиға таңғы уақытта болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Кадрларда түнгі уақытта үш жасөспірімнің ойын алаңына келгені көрінеді. Куәгерлердің айтуынша, балалар шүберек әкеліп, оны сырғанақтың астына қойып, от жаққан.

«Пластик элементтер лезде отқа оранып, құрылым толық жанып кетті. Жалын жақын тұрған орындықтарға да таралды», – делінген жазбада.

Ұлытау облысының полиция департаменті берген ресми түсініктемесінде өртке қатысы бар жасөспірімдердің жеке тұлғалары анықталғанын хабарлады.

«Оқиға орнына қатысты тергеу амалдары нәтижесінде бұл іске қатысы бар кәмелетке толмағандар анықталды», – деді полиция өкілдері.

Құқық қорғау органдары өртке себепші болған балалардың ата-аналарын ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес жауапқа тартты. Олар:

Балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін,

Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз көшеде жүргені үшін әкімшілік айыппұл алды.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от ЖЕЗКАЗГАН | СОБЫТИЯ | НОВОСТИ (@etozhez)

Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы