jasqazaq.kz

Жезқазғанда жол опырылды (видео)

16 ақпан 2017, 18:44

Жезқазған маңында орналасқан Сәтбаев қаласында жолдың бір бөлігі опырылып түсті. Төтенше жағдай орнында түсірілген видеолар әлеуметтік желіге тарады.

ҚазАқпарат хабарлағандай, бұл жолдың «Қазақмыс» корпорациясының екі кенішін жалғап тұрғаны анықталды. Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі ТЖ қатысты пікір білдірді. «15 ақпан күні Кресто-Центр карьері аумағында жоспарлы тау жұмыстарын жүргізу барысында қара жол бөлігі 5-10 метр тереңдікке дейін опырылды. Жолдың бұл бөлігі 1996 жылдан бері қолданылмайды», — деп хабарлады Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі. «Бұл аумақта Шығыс-Жезқазған кенішінің өндірістік алаңы бар және мұның тұрғын кенттерге жақын аумақтарға қатысы жоқ. Құлаған жол бөлігі мен ең жақын ауыл арасы бір шақырымнан асады». Жолдың опырылуынан мерт болғандар немесе зардап шеккендер жоқ. Корпорация қызметкерлері ойылған жерді қоршауға алды және қалпына келтіру жұмыстарын бастауға ниетті.

 

https://www.youtube.com/watch?v=aIUBf718yxM&feature=youtu.be

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде