jasqazaq.kz

Жеуге жарамайтын картопқа 170 теңге сұрайды

10 сәуiр 2023, 16:54

Талдықорған қаласында тұтынушыларға сатылған картоптың 70 пайызының сапасы сын көтермейді. Бұған қаржы мониторингі агенттігі Жетісу облысы бойынша департаментінің қызметкерлері тексеріс жүргізгенде көз жеткізген.
«Департамент әлеуметтік маңызы бар азық — түлік тауарларының өнім сапасына мониторинг жүргізіп, баға — сапа қатынасына сайлығы тексерілді. Мониторинг барысында, Талдықорған қаласының ірі супермаркеттерінде Жетісу «ӘКК» АҚ жеткізетін картоп 170 теңгеден сатылған, ол әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру қорынан қаржыландырылады, алайда сатылатын картоптың сапасы өте төмен болып шықты, өнімнің 70% тұтынуға жарамсыз. Департамент бастамасымен аталған мәселе Өңірлік комиссия отырысында қарастырылып, облыс әкімдігіне және «Жетісу ӘКК» АҚ профильді бөлімшелеріне тиісті нұсқаулар берілді. Сауда орындарының әкімшілігімен және жеткізушілермен жүргізілген профилактикалық шаралардың нәтижесінде, жарамсыз картоп ауыстырылып, оның бағасы 1 килограмм үшін 170 теңгеден 100 теңгеге дейін төмендетілді.
«Жетісу ӘКК» АҚ-на, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын жеткізушілер мен сатушыларды бақылауын күшейту туралы тиісті тапсырыс берілді» деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі