jasqazaq.kz

Жетісулық ветеринарлар жауапқа тартылды

29 қантар 2024, 12:33

Жетісу облысында ветеринария саласында заңнаманы бұзған 100-ден астам лауазымды тұлға жазаланды. Жетісу облысының прокуратурасы хабарлағандай, өңірдегі табиғатты қорғау прокурорлары ветеринария туралы заңнаманы сақтау саласындағы уәкілетті органдардың қызметінде өрескел бұзушылықтарды анықтады.

«Облыс бойынша ветеринарияның лауазымды тұлғалары жануарларды вакцинациялау кезінде 33 мың заң бұзушылыққа, сондай-ақ жеке және заңды тұлғаларды әкімшілік жауапкершіліктен босатудың 526 фактісіне жол берген» — делінген мәлімдемеде.
Облыс аумағында «Сібір жарасы» ошақтарының иесіз 33 жерленген жері анықталды, онда оларды оқшаулау және сәйкестендіру шаралары жүргізілмеген.

Ветеринариялық мекемелерде қызметкерлердің жалған диплом пайдаланғаны туралы 4 фактісі анықталды, тағы 124 қызметкер білімі мен тәжірибесі бойынша атқаратын қызметтеріне сәйкес келмеген.

Барлық анықталған бұзушылықтар бойынша 100-ден астам лауазымды тұлға әртүрлі тәртіптік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде аумақтың 3 инспекция басшысы мемлекеттік қызметтің беделін түсіретін теріс қылық үшін жауапқа тартылды. Мемлекет кірісіне 3 млн теңгеден астам қаржы өтелді.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі