jasqazaq.kz

Жетісулық 916 адам пробация қызметінің бақылауында

23 қараша 2023, 11:14

Жетісу облысында шартты жазаға кесілгендер мен үкімді орындау мерзімі кейінге шегерілген адамдар саны аз емес. Бүгінде өңірдің пробация қызметінде 916 адам есепте тұр.

Облыстық прокуратураның мәліметінше, есепке алынған адамдардың қоғамнан алшақтап қалмауына мән беріледі. Жыл басынан бері еркі шектелген жандарды жұмыспен қамту мақсатында онға жуық профилактикалық іс-шара өтіп, 18 рет бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылған.

Нәтижесінде 15 адам тұрақты жұмысқа, тағы 15 адам маусымдық жұмысқа орналасыпты. Ал пробация қызметінің тікелей араласуымен еңбек ету құқына ие болған 336 адам әртүрлі жұмыс істеп, нанын тауып жүр.

— Өңірдің пробация қызметінің есебіне 916 адам тіркеуге алынған. Оның ішінде 605 адамның бас бостандығы шектеулі болса, 173 адам шартты түрде сотталғандар қатарында. Тағы 107 адам белгілі бір қызметпен айналысуға тиым салынғандар тізімінде тұр. Және қоғамдық жұмысқа кесілген 11 адам мен үкімнің орындалуы кейінге шегерілгендер тізіміндегі 20 адам пробация қызметінің бақылауында, дейді Жетісу облысы прокурорының орынбасары Ержан Сыбанқұлов.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі