jasqazaq.kz

Жетісуда трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды

20 қантар 2025, 9:10

Жетісуда есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлінісінің қызметкерлері шетелдік азаматтар мен Қазақстан Республикасының азаматынан құралған ұйымдасқан қылмыстық топты ұстау бойынша операция жүргізді, деп хабарлайды jasqazaq.kz. Polisia.kz мәліметінше, бұл топ мефедрон психотроптық затын өндіретін есірткі зертханасын басқарған. «Жазда шетелдік азамат Францияда жүрген кезінде туысына шетелде жұмысқа тұруға ұсыныс жасаған. Олар Қазақстанға келгеннен кейін жетекшілерінің бақылауымен есірткі зертханасын құрып, оның нұсқауы бойынша әрекет еткен. Қазақстан азаматы оларға қажетті құрал-жабдықтарды жеткізіп, есірткі жасырумен айналысқан», – деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Қуандық Әлжанов.
Ұстау кезінде олардан шамамен 6 кг мефедрон және арнайы құрал-жабдық тәркіленді. Күдіктілер қамауда.
Қуандық Әлжановтың вйтуынша, қылмыстық схеманың басқа да қатысушыларын анықтап, жауапкершілікке тарту үшін тергеу амалдары жүргізілуде.
JQ-Aqparat
Сурет: рolisia.kz

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі