jasqazaq.kz

Жетісу облысында депутатты өлтіріп кетті

15 қантар 2024, 21:23

Бүгін Үшаралда Жетісу облысы Алакөл аудандық мәслихатының депутаты Дәурен Слямовты пышақтап өлтіріп кетті деген ақпарат тарады.

Бұл ақпаратты облыстық полиция департаментіндегілер өздерінің Instagram-дағы парақшасында растағанымен, марқұм мен күдіктінің атын атап, түсін түстеген жоқ.
«15 қаңтар күні сағат 15:25-те Алакөл аудандық полициясына Үшарал қаласында салынып жатқан нысандардың бірінде мас күйіндегі ер адам жұмысшыларға тиісіп жатқаны туралы хабарлама келіп түсті.
Полиция келгеннен кейін жұмысшыларды жақтаған 34 жастағы ер адамға бір пышақ жарақатын салған күдікті 24 жастағы жергілікті тұрғын екендігін анықтады, ол оқиға орнынан қашып кеткен.
Күдіктіні оқиға орнына келген полиция қызметкерлері қоңырау түскеннен кейін бес минут ішінде ұстады. Сонымен қатар, жәбірленуші алған жарақаттан жедел жәрдем каретасында қайтыс болды», – делінген ресми хабарламада.
Ұсталған ер адам уақытша ұстау қапасына қамалып, осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Құзырлы орган өкілдері тергеу мүддесі үшін деп өзге мәлеметтерді жарияламай отыр.

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі