jasqazaq.kz

Жетісу облысында арқанмен өзеннен өтпек болған ер адамды ағыс ағызып әкетті (Видео)

12 мамыр 2025, 11:38

Жетісу облысында өзеннен арқан арқылы өтпек болған ер адам суға құлап кетті, деп хабарлайды jasqazaq. kz.

Оқиға 10 мамыр күні Кербұлақ ауданындағы Көксу өзенінде болды. Ер адамның арқанмен өтіп жатқан сәтін жанындағылар бейнежазбаға түсіріп тұрған. Өзеннің жартысына жеткенде әрмен қарай шамасы жетпей қалған сияқты. Бейнежазба осы арада үзіледі.

Суға құлап, ағыс ағызып әкеткен адамды екі күннен бері әскери қызметшілер мен құтқарушылар іздеп жатыр.

Жетісу облыстық полиция департаментінің хабарламасында: «Н» азаматының жоғалып кету фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, ол тартылған кабель арқылы өтпек болған кезде өзенге құлап, оны ағыс алып кеткен.

Полиция қызметкерлерінің, әскери қызметшілердің, құтқарушылардың, өзге де ведомстволар мен бейбіт тұрғындардың қатысуымен ауқымды іздестіру іс-шаралары ұйымдастырылды.

Іздеу жұмысы жалғасып жатыр», — делінген.

 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Адыл Бейсенбаев (@taldykorganec_kolesa)

16 шiлде, 15:27
Ержан Жаров: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – жаңа заңның басты мақсаты
15 шiлде, 14:24
Қазақстан Қарулы Күштерінде цифрлық технологияны енгізу басым бағытқа айналды
14 шiлде, 17:15
Ғиззат Байтұрсынов: «Digital Qazaqstan» жалпыұлттық стратегиясы цифрлық мемлекет құруға бағытталған
14 шiлде, 13:36
Иран Шархан: Мақсат –шикізатпен шектелмей, дайын өнім шығаратын өндірістік модельге көшу
13 шiлде, 15:45
Коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту – өңір дамуының маңызды бағыты
12 шiлде, 13:59
Негізгі мақсат – өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуын күшейту
12 шiлде, 13:05
Нақты сектор: Карбамид өзімізде өндіріледі
11 шiлде, 14:51
NATO 3.0: Әскери өнеркәсіпке басымдық
11 шiлде, 14:15
Тұрсынғали Жәкенов: LRT арқылы 1 миллионнан астам жолаушы тасымалданды