jasqazaq.kz

Жетісу облысы әкімдігінің лауазымды тұлғалары жауапкершілікке тартылды

24 шiлде 2024, 11:05

Жетісу облысы әкімдігінің лауазымды тұлғалары мен қызметкерлері биыл мамыр айында Жоғары аудиторлық палата жүргізген мемлекеттік ресурстарды пайдалану тиімділігі аудитінен кейін жауапкершілікке тартылды, — деп хабарлады Жоғары аудиторлық палата.

Мемлекеттік аудит өңірде бюджеттің нәтижелі атқарылуына әсер ететін бірқатар жүйелі проблемалар мен бұзушылықтарды анықтады. Абаттандыру және инженерлік желілер бойынша жұмыстардың кешіктірілуі дайын тұрғын үйді қоныстандыру мерзімдерінің бұзылуына әкелді. Сонымен Панфилов ауданында төрт 60 пәтерлі және екі 80 пәтерлі тұрғын үй 1,5 жылдан астам уақыт бос тұр. Олардың жалпы құны шамамен 5,8 млрд теңге. Бұзушылықтар басқа салаларда да анықталды, — делінген хабарламада.

Аудит қорытындысы бойынша облыс әкіміне белгіленген тәртіппен ҚР заңнамасын бұзған адамдарды жауапкершілікке тарту тапсырылды. Нәтижесінде 2 адам қызметінен босатылды, тағы 6 адам сөгіс алды, 2 адам ескертулер алды. Сонымен қатар 2 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Жоғары аудиторлық палатаның нұсқамасының одан әрі орындалуы бақылауда.

JQ-Aqparat

 

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі