jasqazaq.kz

Жетімнің көз жасы жібермеді

26 желтоқсан 2016, 18:52

Алматы қалалық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында №1 балалар үйіндегі сексуалдық зорлық дерегі бойынша сот үкімі оқылды. Балалар үйінің 19 жастағы түлегі Серік Асылбеков кінәлі деп танылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабының 4-бөлігі бойынша Асылбеков 15 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар, ол педагогикалық қызметтерді атқарудан өмір бойына шектелді.

Үкімді судья Айтгүл Арғымбаева оқыды.

Айта кетейік, бұл баптың санкциясы өмір бойына бас бостандығынан айыруды қарастырғандықтан, сотқа алқа билерді тарту қарастырылған, бірақ Асылбековтың қорғаушылары бұдан бас тартты.

Еске салайық, Алматыдағы №1 балалар үйіндегі дау БАҚ-тарда 13 жастағы баланың осы мекеменің түлегінен бірнеше мәрте зорланғанын мәлімдегені жайлы ақапараттар жарияланғаннан кейін шыққан болатын.

Бастапқыда балалар үйінің басшылығы кәмелетке толмаған баланың мәлімдемесін «ойдан шығарған» деп мәлімдеген. Ал кейін Білім басқармасындағылар бұл дерек бойынша қызметтік тексеріс жүргенін, оның қорытындысы бойынша сексуалдық тиісу оқиғасының расталмағанын хабарлаған.

Алайда бұдан кейін 19 жастағы күдікті ұсталып, қамауға алынды. Кейінірек мекеме директоры қызметінен кетті. Ал тергеу барысында сараптама жүргізіліп, оның қорытындысы бойынша тағы бір бала мен қыздың зорланғаны дәлелденген.

 

tengrinews.kz

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде