jasqazaq.kz

Жеті жасар қызды өгей шешесі өлімші етіп сабап тастаған

15 мамыр 2017, 15:55

Ақтөбеде жеті жасар қызды өгей шешесі өлімші етіп сабап тастаған. Үйден шықпай, көрінбей кеткен қызға алаңдаған көршілері полицияға арыз түсіреді. Қыздың өгей шешесі талып жатқан баланы шкафтың ішіне тығып, үйде «ешкім жоқ» деп полицияны кіргізбеген.

«13 мамыр күні кешкі сағат 18.00 шамасында хабар түсті. Көршілері кішкентай қыздың көрінбей кеткенін айтты. Бірден айтқан мекен-жайға бардық. Есікті қыздың өгей шешесі ашты. Әйел «ешкім жоқ» деп кіргізбеді.

Біз үйін қарағанда іште күйеуі отыр. Ер адамды сыртқа алып шығып сөйлестік. Ол — қыздың әкесі. Кристинаны үйдегі шкафтың ішіне тығып қойғандарын айтты. Біз үйге кіріп баланы алып шықтық», — дейді Зауыт полиция бөлімінің участкелік полиция қызметкері Қазбек Адайбаев.

Өгей шешесінен таяқ жеген 7 жасар Кристина №59 Қорайлы орта мектебінде бірінші сыныпта оқиды. Ол дене жарақатына байланысты сол күні сабаққа да бармаған.

«Кристинаны балалар ауруханасына жатқыздық. Оны шкафтың ішінен алып шыққанда жағдайы ауыр болды. Бала сөйлей алмай қалған. Мұрны, көзі көгерген. Денесінде жарақаттар бар. Жылай береді», — дейді Қазбек Адайбаев.

Кішкентай балаға қорлық көрсеткен ерлі-зайыптылар азаматтық некеде тұрады. Кристинаның өгей шешесі бірінші некеден туған баласын өзінің ата-анасына бағуға берген. Бүгінде екінші баласына аяғы ауыр.

Қазіргі уақытта қыздың әкесі мен өгей шешесінің үстінен Қылмыстық кодекстің 140 бабы 2-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалған.

NUR.KZ

31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді