jasqazaq.kz

Жеті үйді тонаған ұрылар қолға түсті

05 желтоқсан 2023, 12:19

Жеті үйге ұрлыққа түскен қызылордалық үш азамат қамауға алынды. Polisia.kz хабарлағандай, Қызылорда облысы полиция департаментінің және қалалық полиция басқармасының жедел уәкілдері пәтер ұрлығына қатысы бар деген күдікпен үш қала тұрғынын қолға түсірді. Қазан, қараша айлары аралығында жеті қала тұрғыны бір-біріне ұқсас пәтер ұрлықтары болғаны жөнінде “102” арнасына арыз түсірген болатын. Үйлерден тұрмыстық техника және әшекейлер қолды болған. Үй иелерінің жоқтығын пайдаланып, ұрылар пластик терезе және есікті сындырып кіру арқылы арам ойларын жүзеге асырып отырған. Пәтер иелеріне 2 млн теңгеге жуық көлемінде материалдық шығын келтірілген. Криминалдық полиция қызметкерлері бұл мақсатта жедел-іздестіру шараларын жүргізді. “Ізін суытпай” үш қала тұрғыны күдікті ретінде тәртіп сақшыларының қолына түсіп, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 188-бабының 3-бөлігінің 3-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тергеу барысында күдіктілердің өзге де қылмыстарға қатыстылығы анықталуда. Осы баптың санкциясында мүлкi тәркiленіп, екі жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазасы көзделген.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі