Finprom.kz басылымы былтыр жерлеу қызметіне 13,9 миллиард теңге жұмсалғанын жазды. Бұл сома 2021 жылмен салыстырғанда 2,9 есе артық. Былтыр елімізде 134,7 мың адам дүниеден өтіпті.
«2023 жылдың наурыз айының қорытындысы бойынша жерлеу қызметтері бір жылда бірден 24,6%-ға қымбаттады. Салыстырар болсақ, өткен жылдың наурызында өсім 9,3%, 2021 жылдың наурызында — 6,1%, 2020 жылдың наурызында — 2, 2 % қымбаттаған». Жерлеу рәсімінде көрсетілетін қызмет құны Маңғыстау, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан облыстарында да шарықтап шыға келген. Ақтөбе, БҚО, Жетісу, Ұлытау, Ақмола облыстарында да бұл қызмет түріне баға өскен. Есесіне Атырау, Қостанай, Түркістан облыстарында һәм Астана қаласында баға өзгеріссіз сақталып отыр.
JQ-Aqparat