jasqazaq.kz

Жергілікті мәслихаттың 30 депутаты сайланды

31 қазан 2016, 15:47

20161030105616

30 қазанда өңірлік мәслихаттардың шығып қалған 30 депутатын сайлау өтті. Бұл туралы бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ләззат Сүлеймен мәлім етті.

Cайлау заңнамасына сәйкес 30 қазанда республиканың 10 өңірінде, 30 сайлау округінде мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау болды. Сайлауды ұйымдастыру мен өткізуге 10 облыстық, 6 қалалық, 17 аудандық, 30 округтік, 160 учаскелік сайлау комиссиялары тартылды. Сайлау науқаны барысында барлығы 101 кандидат ұсынылды. Олардың ішінде 16-сы облыстық мәслихатқа, 35-і қалалық мәслихатқа және 50-і аудандық мәслихатқа дауысқа түсті. 31 үміткерді саяси партиялар, ал 70 азамат өзін-өзі ұсынды», — деді ол.

Комиссия мүшесінің айтуынша, округтік сайлау комиссиялары мәслихаттар депутаттығына кандидаттар ретінде 96 адамды тіркеп, сайлау бюллетеньдеріне олардың тегі енгізілді. Орташа бәсекелестік бір депутаттық мандатқа шамамен 3 үміткерді құрады.

«Дауыс беру 2016 жылғы 30 қазан күні 160 сайлау учаскесінде өтті. Сайлаушылардың келуі 79,6 пайызды құрады. Дауыс беру қорытындыларына сәйкес облыстық мәслихаттың 4 депутаты, қалалық мәслихаттың 10 депутаты және аудандық мәслихаттың 16 депутаты сайланды. Дауыс беру барысы мен дауыстарды санау рәсімін байқауды кандидаттардың сенім білдірген адамдары, саяси партиялардың, қоғамдық бірлестіктердің және БАҚ өкілдері — барлығы 396 адам жүзеге асырды. Мәслихаттардың сайланған депутаттарының құрамында 29 ер адам және 1 әйел адам бар», — деді Сүлеймен.

Оның сөзіне қарағанда, мәслихаттарға сайланған депутаттарының орташа жасы 45 жас. Ең жас депутат 24-те. Ол Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданының № 6 сайлау округінде сайланды. Ең ересек депутат 63-те. Ол Қарағанды қаласы мәслихатының № 30 сайлау округінде сайланды.

«Сайланған депутаттардың 96,67 пайызы жоғары білімді, 3,33 пайызының арнайы орта білімі бар. 40 пайызы мемлекеттік мекемелерде, ұйымдар мен кәсіпорындарда, 53,3 пайызы коммерциялық құрылымдарда қызмет атқарады, 6,7 пайызы саяси партиялар мен үкіметтік емес ұйымдардың қызметкерлері. Сайлау науқаны сайлау заңнамасы нормаларының талаптарына сәйкес өтті. Ортсайлаукомға шағымдар мен өтініштер түскен жоқ», — деді комисия мүшесі.

ҚазАқпарат

Бүгін, 18:31
Қызылорда: Швейцариялық Harvest Agro тұқым өңдеу зауытының бірінші кезеңін бастады
Бүгін, 16:07
В Туркестанской области в рамках программы «Ауыл - ел бесігі» реализовано 1 570 проектов
Бүгін, 15:54
Как будут реализовываться новые инвестиционные проекты в Туркестанской области?
Бүгін, 15:48
Языковая политика в Туркестане приносит свои плоды
Бүгін, 15:42
Галымжан Орынов: В Туркестане система образования вступила в новый этап
22 сәуiр, 15:52
В Туркестанской области строится мегаферма на 50 тыс голов
22 сәуiр, 15:49
Туркестан: В Ордабасинском районе реализовано более 120 проектов
22 сәуiр, 14:30
«Astana Eurasian Book Fair – 2026»: в столице проходит международная книжная выставка
21 сәуiр, 15:22
В Туркестанской области строится крупная солнечная электростанция мощностью 300 МВт