
Астанада теннистен Билли Джин Кинг кубогінің (командалық әлем чемпионаты) іріктеу кезеңі өтеді. Әлем чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама сарапқа салынатын сында еліміздің қыздары Польша теннисшілеріне қарсы ойнайды. Тартысты доданы әлемдік рейтингте 45-сатыда тұрған Юлия Путинцева мен Магда Линетт (рейтингте 19-сатыда) бастайды. Қазақстанның бірінші, әлемнің жетінші ракеткасы Елена Рыбакина Вероника Фальковсканың қарымын сынап көреді.
Жұптық сында Анна Данилина/Гөзал Айнитдинова – Алисия Росольска/Вероника Фальковска тартысы өтеді. Жеңген құрамаға әлем чемпионатының финалдық кезеңінде ойнау мүмкіндігі туады.
JQ-Aqparat