jasqazaq.kz

Жерді пайдалану тәртібін ұмытпаған абзал

26 маусым 2023, 10:53

Жерді заңсыз пайдалану бойынша тұрғындар тарапынан жиі арыз-шағым түсетіні белгілі. Әсіресе, Бадам өзенінің жағалауы маңында жер қойнауын өз бетінше пайдалану жағдайларының көптеп орын алып жатқандығы туралы жергілікті тұрғындар шағымданған еді. Осыған орай, аталған мәселені шешу үшін жергілікті тұрғындармен кездесу өткізілді.

Кездесуге Абай ауданының әкімі Бұхарбай Парманов, аудандық прокуратура, қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы, экология департаменті, полиция қызметкерлері және Шымкент қаласы бойынша көліктік бақылау инспекциясының өкілдері қатысты. Кездесу барысында Бадам өзенінің жағалауынан жер қойнауын заңсыз ұрлау жайтының алдын алу, жауапкершілігі, мемлекетке келетін шығынның көлемі және салдары түсіндірілді.

Сонымен қатар Бадам өзенінің жағалауына кірер жолға арнайы ескертпе бұрыш орнатылып, қызыл лента тартылды. Алдағы уақытта жер қойнауын заңсыз пайдалану фактілерін алдын алу бойынша мемлекеттік органдар тарапынан рейдтік іс-шаралар жүргізілмек. Жер қойнауын заңсыз пайдаланғандарға ҚР Қылмыстық Кодексінің 334-бабына сәйкес жаза қолданылады.

Айта кету керек, ҚР Президентімен жер қойнауын пайдалану режимін, жер қойнауын пайдалану саласындағы мемлекеттік басқару мен реттеуді жүзеге асыру тәртібін, жер қойнауы учаскелеріне құқықтардың туындау, оларды жүзеге асыру және тоқтату, жер қойнауын пайдаланушылардың құқықтық жағдайы мен олардың тиісті операцияларды жүргізу ерекшеліктерін, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану және жер қойнауын пайдалану құқығына билік ету мәселелерін және жер қойнауы ресурстарын пайдалануға байланысты басқа да қатынастарды айқындайтын ҚР «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» кодексіне қол қойылған.

Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасының міндеттері мыналар – мемлекеттің жер қойнауына меншік құқығын қорғау, жер қойнауын пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру және қатынастарды реттеу, мемлекеттің, Қазақстан Республикасы азаматтарының мүдделерін және жер қойнауын пайдаланушылардың құқықтарын сақтау, Қазақстан Республикасы минералдық-шикізаттық базасының өсімі, жер қойнауын пайдалану құқықтарының туындау, оларды жүзеге асыру, өзгерту және тоқтату негіздерін, шарттарын және тәртібін белгілеу, жер қойнауын пайдалануды тұрақты дамыту үшін құқықтық негізді қамтамасыз ету, жер қойнауын геологиялық зерттеуге және жер қойнауын пайдалануға инвестициялар тарту үшін жағдайлар жасау, жер қойнауын пайдалану саласындағы заңдылықты нығайту.

Мерей Әлімбек

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі