jasqazaq.kz

Жер телімдерінің қай компанияға тиесілі екені жасырын емес

19 маусым 2023, 15:07

Мәжілістегі Үкімет сағатында депутат Марат Бәшімов Жер кодексінде алқап иелерінің дерегін ашық жариялау бағытындағы талаптар орындалмай отырғаны туралы мәселе көтерді.

«Жер кодексі деген Конституциядан кейін тұрған заң емес пе!? Ол құжатта жерді иеленген жеке және заңды тұлғалардың есімі ашық дереккөзде жариялануы керектігі айқын жазылған. Бұл мәселе тіпті бірінші курста оқитын кез келген заңгерге де түсінікті. Парламент қабырғасында осыны айтудың өзі күлкілі. Жер кодексі қолданысқа енгеніне үш жыл болса да, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді кімдер иеленіп отырғаны әлі күнге жасырын. Бұл түрімізбен құқықтық мемлекетті қалай құрамыз?» — деді Мәжіліс депутаты.

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевтің айтуынша, қазір агроөнеркәсіптегі жер телімдерінің қай компанияға тиесілі екені жасырын емес. Онлайн ресурста ол туралы мәлімет бар. Енді аталған компаниялардың артында кімдер тұрғанын жариялау қалды.

«Жер учаскелері ауыл шаруашылығы саласында қай компаниялардың иелігінде екені анық көрініп тұрады. Сіз әрі қарай соның иелерін көрсетуді айтып отырсыз ғой. Ол мәселені Әділет министрлігімен пысықтап, жазбаша түрде жауап берейін», — деді министр.

JQ-Aqparat

23 маусым, 13:03
Туркестан: в государственную собственность возвращено почти 50 тысяч гектаров земель
23 маусым, 13:01
Туркестан: Новые проекты в сфере животноводства и переработки сельхозпродукции
22 маусым, 13:53
Нурлыбек Налибаев в ходе рабочей поездки в Туркестанскую область обсудил вопросы развития экотуризма
22 маусым, 13:51
Туркестанская область: восемь лет масштабного развития социальной инфраструктуры
22 маусым, 13:49
Туркестан: инвестиции, индустриализация и новые точки роста
18 маусым, 15:26
Нуралхан Кошеров провел переговоры о строительстве горного курортного в Каскасу
18 маусым, 14:39
Главная цель образовательной системы - повышать реальные знания
18 маусым, 14:12
В Жетысайском районе подвели итоги учебного года и наградили лучших педагогов
18 маусым, 14:10
В Туркестанской области строятся заводы по производству бумаги и хлопковой продукции