jasqazaq.kz

Жер сілкінісінен кейін Жамбыл облысындағы кей ғимараттардың қабырғасында жарық пайда болған

28 наурыз 2025, 9:46

Жамбыл облысында жер сілкінісінен кейін кей ғимараттардың қабырғасы жарылған. Бұл туралы өңір әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

2025 жылдың 28 наурызында түнде Жамбыл облысының бірқатар аудандары мен Тараз қаласында жер сілкінісі тіркелді.

Жер дүмпуі Меркі ауданындағы Меркі ауылында 5 балл шамасында сезілді. Тұрар Рысқұлов ауданының Құлан ауылында жер сілкінісінің күші 4 балл, Тараз, Шу қалаларында, Қордай, Мойынқұм аудандарында – 2 балл болды.

Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес облыстық жедел штаб жұмыс істеп жатыр.

Барлық тіршілікті қамтамасыз ету жүйесі қалыпты жұмыс істеп тұр. Зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.

«Алдын ала мәлімет бойынша Рысқұлов ауданы Қарақыстақ ауылындағы мәдениет үйі, Меркі аудандық ауруханасы, Ойтал ауылындағы мектеп ғимаратының қабырғасында жарық пайда болғаны анықталды. Басқа нысандар туралы ақпарат нақтыланып жатыр.

​​​Аймақ басшысы Ербол Қарашөкеев жағдаймен танысу үшін Рысқұлов және Меркі аудандарына барды.

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі