
Бүгін ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ЖШС станциялары Алматы уақытымен сағат 07.32-де жер сілкінісін тіркеді.
«Жерасты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 495 км жерде, Қырғызстан аумағында орналасқан. Энергетикалық санаты – 9,9.MPV магнитудасы – 4,5. Тереңдігі – 10 шақырым. МSК-64 бағаны бойынша сезілу туралы мәлімет жоқ» деп жазылған хабарламада.
JQ-Aqparat