jasqazaq.kz

Жер саласында тағы заң бұзушылықтар анықталды

21 қазан 2016, 19:00

snimok

Шымкент қаласында ақпараттық жүйеге ешбір қатысы жоқ қаржы бөлімінің бұрынғы қызметкері жабық жүйеге емін-еркін кіріп, жер учаскелері туралы мәліметтерді өзгерткен. Ал Ақмола облысында әр жылдары жұмыстан шығып кеткен 83 қызметкердің ақпараттық жүйеге кіру құқығы дер кезінде жойылмаған, деп хабарлайды «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталған заң бұзушылықтар ағымдағы жылы «Азаматттарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына енген «Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы» РМК-сының қызметі бойынша анықталып отыр. «Қазіргі кезде осы жұмыс барлық облыстық жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру департаменттерінде жүріп жатыр. Аталған шаралар қараша айына дейін жалғасады», — дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру дирекциясының (ЖМТТ ЖК) директоры Бақыт Әбішев.

Мәселен, Оңтүстік Қазақстан облысында жер туралы мәліметтерді заңсыз өзгерту және ақпараттық қауіпсіздік ережелерін сақтамау әрекеттері әшкереленді. Шымкент қаласында ақпараттық жүйеге ешбір қатысы жоқ қаржы бөлімінің бұрынғы қызметкері жабық жүйеге емін-еркін кіріп, 14 жер учаскесі туралы мәліметтерді өзгерткен. Сөйтіп, мәліметтер базасында кадастрлық негізі жоқ жер учаскелері еніп кеткен. Осы іспетті заңсыз әрекеттер Ақмола мен Алматы облыстарында да анықталды. Қазіргі кезде аталған фактілер бойынша барлық материалдар құзырлы мемлекеттік органдарға жіберілді. Сол жерде тиісті шаралар қолға алынады.

ҚазАқпарат

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі