jasqazaq.kz

Б.Сағынтаев: Әлеуметтік желідегі пікір ескеріледі

19 мамыр 2016, 17:17

MG_2475-копия-640x334

Бұл туралы аталған комиссия жұмысына арналған ОКҚ брифингi барысында комиссия төрағасы, ҚР Премьер-министрiнiң бiрiншi орынбасары Бақытжан Сағынтаев мәлiмдедi, деп хабарлайды BNews.kz тiлшiсi.

«Өткен сенбiде болған бiздiң отырысымызда комиссия мүшелерiнiң тарапынан жұмысымызды бастаған кезде белгiлi бiр топтарға бөлiнiп, сол бағытта жұмыс жасайық деген ұсыныс болған. Және осы ұсыныс қабылданып, жұмыс тобы экономикалық, екiншiсi құқық саласының, үшiншiсi рәсiмдердiң заңдылығы мен ашықтығын қамтамасыз етумен, төртiншi жұмыс тобы комиссия шешiмдерiн түсiндiрiп, ақпараттандырумен айналысады», — дейдi Б.Сағынтаев.
Оның айтуынша, қазiргi таңда штаттағы қызметкерлер комиссия мүшелерiнiң ұсыныстарын алып, топтасып жатыр. Келесi отырыста топтардың құрамы бекiтiледі. Комиссия мүшелерiнiң iшiнен әрбiр жұмысшы тобының жетекшiлерi бекiтiледi.

ОКҚ брифингі барысында ол көп ұсыныстың түскенін, оның барлығы қарастырылатынын айтты. 1434 номеріндегі call-орталыққа 16 мамырдан бері 700-ден аса қоңырау түсіпті.

«Біз Ауыл шаруашылығы министрлігі жанынан штаб құрдық, сонымен қатар, хатшылар алқасы жұмыс істеп жатыр. Мұнда комиссия мүшелерінің де, аймақтардан түскен ұсыныстар да жинақталады», — деді ол. Сағынтаев әрбір сұрақтың талданатынын айтты.

«Осы жер реформасын талқылауда азаматтардың барынша белсенділік танытуын қалаймыз. (…) Қазір ақпарат құралдарында, оның ішінде әлеуметтік желілерде жарияланған ұсыныстарды қарап жатырмыз. Яғни, Елбасы айтқандай, Жер мәселесіне шын мәнінде алаңдап жатқандардың барлығы пікірін айтуы керек», — деп қоса кетті Сағынтаев.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде