jasqazaq.kz

Жер қойнауын заңсыз пайдаланушылар ұсталды (Видео)

02 мамыр 2024, 11:12

Алматы облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Еңбекшіқазақ ауданындағы карьерлердің бірінің аумағында пайдалы қазбаларды заңсыз өндірушілердің жолын кесті.

Polisia.kz хабарлағандай, аталған іс бойынша күдіктілердің барлығы анықталды. Әрқайсысының қылмыстық құқық бұзушылыққа қатысы тексеріліп жатыр.

– Ер адамдар өзен бойындағы кен орны аймағында пайдалы қазбаларды заңсыз өндіргені алдын-ала анықталған. Жүргізілген сараптама нәтижесінде көлемі 27 455,47 текше метр балласт екенін көрсетті. Тексеру барысында ер адамдар өндірген кенді мегаполис пен облыс аумағынан алғаны анықталды, — деді Алматы облысы ПД бастығы Бауыржан Әленов.
Мемлекетке келтірілген залал 122 млн теңгеден асты. Арнайы тұраққа 47 автокөлік мен арнайы техника қойылды. Жер қойнауын заңсыз пайдалану фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Тергеу жүргізіліп жатыр.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі