jasqazaq.kz

Жеңістің 79 жылдығын мерекелеуге арналған салтанатты жиын өтті

07 мамыр 2024, 19:47

Бүгін Шымкент қаласының 35748 әскери бөлімінде Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңістің 79 жылдығын мерекелеуге арналған салтанатты жиын өтті.

Салтанатты шараға бригада басшылығы, офицерлер, келісімшарт бойынша әскери қызметшілер, сарбаздар, сондай-ақ әскери бөлімнің ардагерлері мен әскери отбасылар қатысты.

Іс-шараға қала әкім Ғабит Сыздықбеков арнайы келіп, әскери бөлімшені аралап, материалдық техникалық базасымен танысты. Мұнан кейін қала әкімі салтанатты жиында Шымкент гарнизонының үздік әскери қызметкерлері мен ардагерлерді арнайы алғыс хатпен марапаттады.

—Құрметті Отан қорғаушылар, сарбаздар! Сіздерді айбынды мерекеміз Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын. Әрбір тәуелсіз мемлекеттің ең басты мақсаты— ел тыныштығын қорғау. Мемлекет тұтастығын сақтау. Сондықтан да бұл күн Отанды қадірлейтін, оның тарихын құрметтейтін, әскеріміздің атағын асқақтатып, еліміздің қуатын айғақтайтын күн! Халықтың қауіпсіздігі мен бейбіт өмір жолында адал қызмет етіп келе жатқан әскери қызметшілерге алғысым шексіз, — деді Ғ.Сыздықбеков.

Содан кейін Шымкент қаласы Ардагерлер коалициясының төрағасы, отставкадағы полковник Серік Онбаев құттықтау сөз сөйлеп, алғыс білдірді.

—Осынау мерекеде өз өмірін әскери қызметке арнаған, Отан алдында ант бергендерді құттықтаймын.
Отансүйгіштіктің, ар-намыстың, парыз бен батылдықтың, үлгілері ретінде қызмет еткен Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне ерекше алғыс білдіргім келеді,- деді С.Онбаев.

Іс-шара барысында қызметтік міндеттерін адал атқарып, қызметте жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, ерекше көзге түскен әскери қызметшілер марапатталды.

Ресми бөлім аяқталғаннан кейін бригаданың әскери оркестрінің солистерінің қатысуымен концерттік бағдарлама өтті.

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі