jasqazaq.kz

Жеңісхан Момышев: Әкемді жек көріп өстім

01 шiлде 2023, 17:04


Әнші Жеңісхан әкесін жек көріп өскен кезін еске алып, жан сырын ақтарды. Отандық бағдарламаға сұхбат берген әнші әкесін жер қойнына тапсырғаннан кейінгі өкінішін баяндады.
«Әкеммен кішкентай кезімнен араласпағанмын. Мен кішкентай кезімнен әкемді жек көріп өскен екенмін. Өйткені, кішкентай кезімде ата-анам айырылысып кеткен. Ешкім түсіндірмеген. «Әкең жаман» деген қатынас болған. Әкенің жасаған жақсы қасиеттері бар екен. Бірақ біз оны жадымыздан өшіргенбіз. Бізге «жаман, тастап кетті» дегеннен кейін іште қатты реніш болады екен. Киноға дайындалып жатырмын. Маған «Әкең өмірден өтті» деп хабарласты. Барып, жер қойнына тапсырдым. Содан кейін әкемнің басына төрт жылдан кейін бір-ақ бардым. Негізі әкесі қайтыс болғаннан кейін үш күн басында болып, құран оқу керек екен. Мен өмірімде берекет жоқ деп кінәлап жүргенімнің себебі, әкем жағынан байланысты үзген екенмін. Әкесінің зиратына барғанда суретін сүртеді ғой. Неге деп ойлайтын едім. Осы жолы өзім барғанда солай жасадым. Әкемнің суретін сүрткенде, ол ризашылығын көрсеткендей болды. Содан келгесін, көп жобаларым шешіліп жатыр», — деп айтты Жеңісхан. Сонымен қатар әнші әкесінің өзін іздеп, хабарласқанын айтты. «Ол мені іздеді. «Неге мені сонша жек көресің? Балам қалайсың? Неге маған хабарласпайсың? Мен саған не істедім сонша» деп хабарласты. Бірақ ол кезде 19-20 жастамын, ән айтып жүрген кезім. Сол үшін ол уақытты өткізіп алдым. Екі ағам, бір әпкем бар. Олар әкеммен қатты араласты. Тек кенжесі мен ғана араласпадым. Олар ажырасқан кезде мен кішкентай болдым. Сосын анам күйеуге шықты да, мен өгей әкемнің қолында өстім. Менің бойыма өгей әкемнің мінезі, сөйлеу әдебі сіңген. Әкем жайлы сұрағанда «Ой, сенің әкең» деген сөз естідім. Бірақ әке мен ұл араласу керек. Әкең жынды болса да, кішірейіп, басыңды иіп хабарласу керек екен. Мен әкем өмірден өткенде түсінбедім. Бұл қалыпты сияқты көрінді. Уақыт өте келе, әке болғалы ойландым. Өкінішке қарай, менің өмірімде осылай болды», — деді Жеңісхан.

JQ-Aqparat

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде