jasqazaq.kz

«Жеңіс жолдарымен»: Астанада «Жас сарбаз» сыныбының қойылымы өтті

08 сәуiр 2025, 23:21

Астанада №71 мектеп-лицейінде «Өркен» балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығының ұйымдастыруымен «Жеңіс жолдарымен» атты «Жас сарбаз» сыныбының демонстрациялық қойылымы өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Жастарға Отан алдындағы парыздың маңызын жете түсіндіріп, елжандылыққа тәрбиелеуді мақсат еткен іс-шара Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай өткізілді. Оған №78 және №79 мектептерінің «Жас сарбаз» сыныптары қатысты.

Ұйымдастырушылар бұл іс-шара жасөспірімдердің әскери-патриоттық сезімдерін ояту, жастардың санасын жаңғырту, төл тарихын білетін, бүгінін бағалайтын, тәуелсіздігін көзінің қарашығындай қорғайтын ұлағатты жас өрендердің қатарын толықтыруға бағытталғанын айтты.

Мерекелік іс-шара барысында кадет сыныптары концерттік бағдарлама ұсынып, саптық даярлық пен өзін-өзі қорғау әдістерін ортаға салды. Оның ішінде атап өтерлігі, мектептің алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушысы Қанат Жұмағұлов тәрбиелеп отырған «Жас сарбаз» сыныбы – еліміздегі 5-сынып оқушыларынан құралған жалғыз кадет сыныбы.

Сурет: Астана әкімінің баспасөз қызметі

16 шiлде, 15:27
Ержан Жаров: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – жаңа заңның басты мақсаты
15 шiлде, 14:24
Қазақстан Қарулы Күштерінде цифрлық технологияны енгізу басым бағытқа айналды
14 шiлде, 17:15
Ғиззат Байтұрсынов: «Digital Qazaqstan» жалпыұлттық стратегиясы цифрлық мемлекет құруға бағытталған
14 шiлде, 13:36
Иран Шархан: Мақсат –шикізатпен шектелмей, дайын өнім шығаратын өндірістік модельге көшу
13 шiлде, 15:45
Коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту – өңір дамуының маңызды бағыты
12 шiлде, 13:59
Негізгі мақсат – өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуын күшейту
12 шiлде, 13:05
Нақты сектор: Карбамид өзімізде өндіріледі
11 шiлде, 14:51
NATO 3.0: Әскери өнеркәсіпке басымдық
11 шiлде, 14:15
Тұрсынғали Жәкенов: LRT арқылы 1 миллионнан астам жолаушы тасымалданды