jasqazaq.kz

Жеңіс Қасымбек: Үлескері жоқ құрылыстар тоқтатылады

30 наурыз 2023, 15:16

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек БАҚ өкілдеріне Талдыкөл аумағындағы бейберекет құрылыспен қалай күресетінін айтып берді.

«Бейберекет құрылыстарға келсек, көршілес тұрғын үй кешеннің тұрғындары мен белсенділер шағым айтып жүрген 20-дай нысан бар. Осы нысандардың әрқайсысы бойынша жоспар бар. Бастамашыл топтардың бәрімен ұдайы кездесіп отырамыз. Сол нысандардың шамамен 70 пайызы бойынша нақты шешім бар. Құрылыс иелерімен, тұрғындармен келісіп жатырмыз. Бірнеше қабаты көтерілген, үлескері бар нысандар бойынша сот болып жатыр. Сот шешіміне қарай түпкілікті шешім қабылданады. Ондай нысандар бойынша да жыл аяғына дейін шешім шығарамыз», — деді әкім.
Кейбір нысандардың қабат саны өзгертілуі мүмкін.

«Үлескері жоқ ығы-жығы құрылыстар тоқтатылады. Болашақ тұрғындары белгілі кешендер бойынша ортақ шешімін табамыз – қабат санын азайтамыз, тараптардың бәрінің көңілін табатындай басқа да заңды тәсілдерін ойластырамыз», — деді Жеңіс Қасымбек.

JQ-Aqparat

31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді