jasqazaq.kz

Женифер Лопестен бізге не пайда?

08 сәуiр 2025, 12:29

Әлемді аузына қаратқан Женифер Допес өзінің Up All Night турнесінің басталғанын жария етті. Турне 1 шілдеде басталып, 3 тамызға дейін жалғасады. Лопес 17 қалаға, соның ішінде Анталья, Ыстамбул, Мадрид, Барселона, Будапешт, Варшава, Бухарест және Әбу-Дабиде өнер көрсетеді. Сондай-ақ ол 1 тамызда Астанаға келеді.

Оған дейін төрт айдан астам уақыт бар, ал «Астана Концерт» компаниясының продюсері Мәлік Хасенов бұл концерттің отандық экономикаға жағымды әсер ететінін мәлімдеп тастады.

Үкіметтің бүгінгі отырысында Мәлік Хасенов: «Бүгін Қазақстан үшін ғана емес, тұтас Орталық Азия үшін тарихи оқиға болатын ерекше жобаны қуанышпен көрсеткім келеді. 1 тамызда «Астана Арена» стадионында әлемге әйгілі әнші Женнифер Лопестің концерті өтеді, ол толығымен коммерциялық негізде ұйымдастырылады», − деді.

Хасеновтың айтуынша, мұндай деңгейдегі жұлдыздың келуі Астананың А-класты жұлдыздардың гастрольдік картасына енуіне жол ашады. Бұл қадам қаланың мәдени әлеуетін арттырып, халықаралық деңгейдегі іс-шараларды өткізу қарымын паш етуі тиіс.

«Бұл концертке 15 мыңнан астам шетелдік турист келеді деп болжап отырмыз. Қаланың экономикасына, HoReCa жүйесіне (қонақ үй, мейрамхана, кейтеринг) 6,5 млрд теңге және концерт өткізуден 400 млн теңгеден астам тікелей салық түсімі күтіледі», – деді ол.

JQ-Aqparat

 

 

16 шiлде, 15:27
Ержан Жаров: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – жаңа заңның басты мақсаты
15 шiлде, 14:24
Қазақстан Қарулы Күштерінде цифрлық технологияны енгізу басым бағытқа айналды
14 шiлде, 17:15
Ғиззат Байтұрсынов: «Digital Qazaqstan» жалпыұлттық стратегиясы цифрлық мемлекет құруға бағытталған
14 шiлде, 13:36
Иран Шархан: Мақсат –шикізатпен шектелмей, дайын өнім шығаратын өндірістік модельге көшу
13 шiлде, 15:45
Коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту – өңір дамуының маңызды бағыты
12 шiлде, 13:59
Негізгі мақсат – өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуын күшейту
12 шiлде, 13:05
Нақты сектор: Карбамид өзімізде өндіріледі
11 шiлде, 14:51
NATO 3.0: Әскери өнеркәсіпке басымдық
11 шiлде, 14:15
Тұрсынғали Жәкенов: LRT арқылы 1 миллионнан астам жолаушы тасымалданды