jasqazaq.kz

Жемқорлардан қайтарылған қаражатқа 62 мектеп салынады

24 мамыр 2023, 13:39

Оқу-ағарту министрлігі жемқорлардан тәркіленген қаражатқа биыл салынатын мектептердің тізімін жариялады. Құжатта 62 жобаның тізімі берілген. Өңірлер бөлінісінде Астана қаласы мен Алматы облысында жемқорлардан өндірілген қаражат есебінен салынатын немесе кеңейтілетін мектептердің саны өзгелерден бірнеше есе басым. Алматыда 10, Астана қаласында 10 мектептің жобасы жоспарланған. Одан кейінгі орында 9 жобамен Түркістан облысы тұр. Биыл жемқорлардан түскен қаражат есебінен 96 млрд 495 млн теңгенің 62 жобасы іске асырылмақ. Оның ішінде ескірген мектептің орнына жаңа мектеп салу, жаңадан мектеп салу және орын тапшылығы бар білім мекемесіне қосымша ғимарат салу жобалары бар. Мектептер тізімін және әрқайсысына қанша қаражат бөлу жоспарланғаны жария етілді. Президент Қ.Тоқаев былтыр халыққа Жолдауында жемқорлардың заңсыз тапқан қаржысы олар сотталған соң мемлекетке өтіп, түгелдей мектеп құрылысына жұмсау қажеттігін айтқан болатын.

JQ-Aqparat

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық